Құжат мәтініне өту

Об утверждении проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в части размещения реквизитов и визуальной информации

Бұйрық · № 173 · қабылданған 20.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105097/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в части размещения реквизитов и визуальной информации Күшін жойған Бұйрық ·№ 173 ·20.06.2016
31.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в части размещения реквизитов и визуальной информации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 173 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в части размещения реквизитов и визуальной информации
Атауы (қаз.)
Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
173
Қабылданған күні
20.06.2016
Көрсетілген редакция
31.10.2018 105097_367581.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014040
ЭКБ идентификаторы
105097
Редакция идентификаторы
105097_367581
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:42

0 Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Осы бірлескен бұйрыққа қоса беріліп отырған деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. «Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң міндетін атқарушы 2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 маусымдағы № 476 бiрлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 тамыздағы
№ 11770 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң

Тiлдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетi:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін және осы бірлескен бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін оның төлнұсқасына толық сәйкес келетін графикалық форматтағы көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық
ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.

5 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
____________________С. Айтпаева
2016 жылғы «____»___________

0 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 1 шілдедегі № 308
бірлескен бұйрығына
қосымша
Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде
Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың
тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының
108) тармақшасына сәйкес)
____________________________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
____________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ____________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ________________________________________
____________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН___________________________________
____________________________________________________________________________________
Орналасу орны _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
1
меншiк нысанына қарамастан мөрлер мен мөртабандарының мәтiндерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы
2
бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттардың мәтiндерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде (қажет болған жағдайда басқа тiлдерде де) жазылуы
3
көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады (қажет болған жағдайда басқа тiлдерде де)
Лауазымдық тұлға (тұлғалар) _____________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________________________
(тегі, аты,, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
жетекшісі _________________________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

Қолданыстағы