О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/354
- Қабылданған күні
- 02.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2016 105108_Some(102402).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16R003354A
- ЭКБ идентификаторы
- 105108
- Редакция идентификаторы
- 105108_Some(102402)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:11
0 Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1 1) Алматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2 2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
6 Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы « 2 » тамыздағы
№ 3/354 қаулысына қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
кейбір қаулыларының тізбесі
1
1) Алматы қаласы Әкімшілігінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 17 наурыздағы № 322 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» қаулысын жүзеге асыру жөнінде» 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 2/328 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 594 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2004 жылғы 20 мамырда және «Вечерний Алматы» газетінде 2004 жылғы 27 мамырда жарияланған);
2
2) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 839 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2010 жылғы 16 наурызда және «Вечерний Алматы» газетінде 2010 жылғы 20 наурызда жарияланған);
3
3) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 2/225 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 888 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
4
4) Алматы қаласы әкімдігінің «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы № 1/130 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1026 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).