О повышении ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Качирского района Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Качирского района Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/5
- Қабылданған күні
- 07.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2019 105122_418437.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PH005189
- ЭКБ идентификаторы
- 105122
- Редакция идентификаторы
- 105122_418437
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:28
0 Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 386 - бабы 5 - тармағына, 444 - бабы 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағы 13) тармақшасына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
3
3. Качир аудандық мәслихаттың (VI сайланған III сессиясы) 2016 жылғы 22 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 2/3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырдағы «Тереңкөл тынысы» газетінің № 19, 2016 жылғы 12 мамырдағы «Заря» газетінің № 19 жарияланған) күші жойылсын.