Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 187
- Қабылданған күні
- 28.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2018 105130_371015.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SE003851
- ЭКБ идентификаторы
- 105130
- Редакция идентификаторы
- 105130_371015
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:35
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2
2. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 160 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 3253 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2015 жылғы 1 маусымдағы «Есіл Өңірі» аудандық газетінде, 2015 жылғы 1 маусымдағы «Новости Приишимья» аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының хатшысы
__________________ Е. Әділбеков
2016 жылғы 28 маусым
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 28 маусымдағы № 187
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі