Об утверждении Перечня субсидируемых видов средств защиты растений (гербицидов) и предельных норм субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня субсидируемых видов средств защиты растений (гербицидов) и предельных норм субсидий
- Атауы (қаз.)
- Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары (гербицидтер) түрлерінің тізбесін және субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 15.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2017 105137_203642.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16Z0004498
- ЭКБ идентификаторы
- 105137
- Редакция идентификаторы
- 105137_203642
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:22
0 Субсидияланатын өсімдіктерді
қорғау құралдары (гербицидтер)
түрлерінің тізбесін және субсидиялардың
шекті нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 мамырда №13717 тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары (гербицидтер) түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормалары бекітілсін.
2 2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3 3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 2016 жылғы «15» шілдедегі №214
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары (гербицидтер) түрлерінің тізбесі
және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың
шекті нормаларының тізбесі
№
Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары (гербицидтер) түрлерінің тізбесі
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге
1
Гезагард 500, с.к. (прометрин, 500 г/л)
литр
50
2520
2
Гоал 2Е, э.к. (оксифлуорфен, 240 г/л)
литр
50
10000
3
Гроза, 60% э.к. (2-этилгексилді эфир, 2,4 дихлорфеноксиуксусты қышқыл, 600 г/л)
литр
50
1710
4
Горгон, с.е.к. (пиклорам, 150 г/л)
литр
50
4590
5
Зенкор Ультра, с.к. (метрибузин, 600 г/л)
литр
50
7920
6
Раундап Экстра, 54% с.е. (глифосат, 540 г/л)
литр
50
1800
7
Робусто Супер, э.к. (2-этилгексил эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 905 г/л)
литр
50
1800
8
Секатор Турбо, м.д. (натрийдің иодосульфурон-метилі, 25 г/л + амидосульфурон, 100 г/л + мефенпир-диэтил (антидот), 250 г/л)
литр
50
13320
9
Стомп, 33% э.к. (пендиметалин, 330 г/л)
литр
50
1620
10
Титус, 25% қ.а.с. (римсульфурон, 250 г/кг)
кило-грамм
50
135000
11
Ураган Форте 500, с.е.(калий тұзы түріндегі глифосат, 500 г/л)
литр
50
1500
12
Фуроре Ультра, м.с.э. (феноксапроп-п-этил, 110 г/л)
литр
50
3960
13
Эллай Лайт, с.д.т. (метсульфурон-метил, 391 г/кг
+ трибенурон-метил, 261 г/кг)
кило-грамм
50
66780
14
Эстерон 600, э.к. (2-этилгексил эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы,
905 г/л)
литр
50
1800
15
Эстет, э. к. (2-этилгексил эфир түріндегі 2,4-Д дихлорфеноксиуксусты қышқыл, 600 г/л)
литр
50
1710
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
с.к.-суспензия концентраты;
э.к.-эмульсия концентраты;
с.е.к.-суда ерігіш концентрат;
с.к.-суспензиялы концентрат;
с.е.-сулы ерітінді;
м.д.-майлы дисперсия;
қ.а.с.-құрғақ аққыш суспензия;
м.с.э.-майлы-сулы эмульсия;
с.д.т.-сулы диспергерленген түйіршектер;
г/л-грамм/литр;
г/кг-грамм/килограмм.