Құжат мәтініне өту

Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Қаулы · № а-6/207 · қабылданған 20.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105187/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета Қолданыста Қаулы ·№ а-6/207 ·20.06.2016
25.10.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Қолданыста Қаулы ·№ а-6/207 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета
Атауы (қаз.)
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
а-6/207
Қабылданған күні
20.06.2016
Көрсетілген редакция
25.10.2019 105187_424947.kaz
Соңғы өзгеріс
25.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BK005484
ЭКБ идентификаторы
105187
Редакция идентификаторы
105187_424947
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:41

0 Аудандық бюджет

шығыстарының басым
бағыттарының
тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген), Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д.Б.Есжановқа жүктелсін.

3 3. Осы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Есіл ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 20 маусым
№ а-6/207 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

1 1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.

3 3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.

4 4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.

5 5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.

6 6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.

7 7. Ағымдағы трансферттер және даму трансферттері, республикалық бюджеттен бөлінетін бюджеттік кредиттер.

Қолданыстағы