О признании утратившими силу некоторых постановлении акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлении акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 27.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2016 105202_Some(102258).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16SI00200A
- ЭКБ идентификаторы
- 105202
- Редакция идентификаторы
- 105202_Some(102258)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:14
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Г.Р. Рамазановаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы
«27» шілдедегі № 200
қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 40 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2015 жылғы 27 ақпандағы № 3118 тiркелген, 2015 жылғы 3 наурыздағы «Мағжан жұлдызы» № 10 аудандық газетінде, 2015 жылғы 3 наурыздағы «Вести» № 10 аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 75 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 3230 бойынша тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Мағжан жұлдызы» № 21 аудандық газетінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Вести» № 21 аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.