Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қаулы · № 223 · қабылданған 22.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105227/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий Күшін жойған Қаулы ·№ 223 ·22.07.2016
01.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы ·№ 223 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
223
Қабылданған күні
22.07.2016
Көрсетілген редакция
01.03.2018 105227_302115.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16Z0004500
ЭКБ идентификаторы
105227
Редакция идентификаторы
105227_302115
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:17

0 Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27
ақпандағы №4-3/177 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда №11094 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;

2

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған
субсидиялар нормалары (1 гектарға) бекітілсін.

2 2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 2016 жылғы «22» шілдедегі №223

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына
1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы бойынша
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

Басым дақылдардың атауы
1
Майлы дақылдар:
күнбағыс
майбұршақ
мақсары
зығыр
қыша
2
Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары
3
Біржылдық шөптер
4
Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер
5
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері

8 2016 жылғы «22» шілдедегі №223

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына
2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және 1 тоннаға)

Басым дақылдардың атауы
1 гектарға субсидия нормасы, теңге
1 тоннаға субсидия нормасы, теңге
1
Майлы дақылдар:
күнбағыс
10 000
майбұршақ
10 000
мақсары
6 100
зығыр
6 900
қыша
7 000
2
Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары
2 300 000
3
Біржылдық шөптер
8 000
4
Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер
10 000
5
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері
8 000

Қолданыстағы