Об утверждении регламента государственной услуги «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)»
- Атауы (қаз.)
- «Сауда–саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 04.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2019 105230_694853.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16T0003579
- ЭКБ идентификаторы
- 105230
- Редакция идентификаторы
- 105230_694853
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:30
0 «Сауда–саттықты (конкурстарды,
аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды
алу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Нақпаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы «04» шілде
№137 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы «04» шілде №137
қаулысымен бекітілген
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, Атырау және Құлсары қалаларының, Атырау облысы аудандарының, кенттерінің, ауылдардың және ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне құқық беру туралы шешім (бұдан әрі – шешім) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №151 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13652 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш табылады.
5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдайды.
Егер, Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттар толық ұсынылмағанда, құжаттар қабылданбайды;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде құжаттарды қарап, орындау үшін «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары бөлімдеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды;
3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап
15 (он бес) минут ішінде оларды тіркейді және уәкілетті органның басшысына жолдайды;
4 4) уәкілетті органның басшысы 2 (екі) сағат ішінде құжаттарды қарайды және уәкілетті органның жауапты орындаушысына жолдайды;
5 5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органмен құрылған жер комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) отырысында қарауға материалдар дайындайды.
6 6) комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдарды қарайды және хаттамалық шешім нысанында қорытынды шығарады.
7 7) оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті органның жауапты орындаушысы комиссияның қорытындысын 5 (бес) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда 4 (төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде жауап дайындайды және уәкілетті органның басшысына жолдайды.
8 8) уәкілетті органның жауапты орындаушысы жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде шешім дайындайды және уәкілетті органның басшысына жолдайды.
9
9) уәкілетті органның басшысы 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды немесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындалған шешімді тексереді, қол қояды және уәкілетті органның кеңсе қызметкеріне жолдайды;
10 10) уәкілетті органның кеңсе қызметкері 1 (бір) күн ішінде тіркеу журналында шешімді тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
11 11) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалған шешімді тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
12 12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) күн ішінде тіркеу журналында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;
4 4) уәкілетті органның басшысы;
5 5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
6 6) комиссия.
7
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы 1-қосымшада, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
33 «Сауда-саттықты (конкурстарды,
аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы
34 «Сауда-саттықты (конкурстарды,
аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы