Об утверждении Правил осуществления рекламы биологически активных добавок к пище
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления рекламы биологически активных добавок к пище
- Атауы (қаз.)
- Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 284
- Қабылданған күні
- 24.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2020 105251_489111.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013998
- ЭКБ идентификаторы
- 105251
- Редакция идентификаторы
- 105251_489111
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:37
0 Тағамға биологиялық активті
қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 284 бұйрығымен бекітілген
Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды
жүзеге асыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-бабына, «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
тағамға биологиялық активті қоспалар (бұдан әрі - ББҚ) – табиғи жолмен алынған немесе жасанды жолмен алынған заттармен бірдей тағам және (немесе) биологиялық активті заттарды (олардың концентраттарын), сондай-ақ адам рационын оңтайландыру мақсатында тамақпен бірге жеуге арналған және тамақтың немесе диеталық тамақтанудың жалғыз көзі болып табылмайтын пребиотикалық құрамдауыштар мен пробиотикалық микроорганизмдерді қамтитын өнімдер.
3 3. Қазақстан Республикасында тағамға биологиялық активті қоспалар жарнамасын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасын жүзеге асыратын ведомтствосы және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2 2-тарау. Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру тәртібі
4 4. Тағамға биологиялық активті қоспалар жарнамасын орналастыру ол денсаулық сақтау және жарнама саласындағы заңнамаларға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады.
5 5. Биологиялық активті қоспалар жарнамасы:
1 1) мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады;
2 2) аудио жарнаманың жарнамалық мәтіндерін қоспағанда, жеңіл оқылатын, түсінікті және анық қаріппен басылады;
3 3) дәрілік заттармен салыстыруға болмайды;
4 4) емдік қасиеттерінің болуы туралы мәліметтерді қамтуға болмайды;
5 5) дұрыс және түсінікті болып табылады (арнайы білімді қолданбай немесе арнайы құралдарды қолданбай);
6 6) тұтынушыларды олардың сенімін асыра пайдалану арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданылуының болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне қатысты жаңылыстырмайды;
7 7) ұтымды қолданылуына ықпал етеді;
8 8) мазмұнында жарнамаланатын тағамға биологиялық активті қоспаларды басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен салыстыру, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтіретін сөздер, бейнелер болмайды;
9 9) жарнамада өзінің танымалдығына байланысты биологиялық активті қоспаларды қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға болмайды.
6 6. Тағамға биологиялық активті қоспаларға жарнама мынадай ақпаратты:
1 1) сауда атауын;
2 2) құрамына кіретін активті құрамдауыштар туралы мәліметтерді;
3 3) қолдануға берілетін негізгі ұсынымдарды;
4 4) қолдану тәсілі мен дозасын;
5 5) негізгі жанама әсерлерін;
6 6) негізгі қарсы айғақтарын;
7 7) балаларға, жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ емізу кезеңіндегі айрықша нұсқауларды;
8 8) сату шарттарын;
9 9) қолдануға көрнекі және түсінікті ұсынымды;
10 10) өндірушінің атауын, мекенжайын және Қазақстан Республикасында наразылықтарды қабылдауға өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның атын;
11 11) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірін, берілген күнін қамтуы тиіс.
Теле- және радиоарналарына, интернет-ресурстарға арналған жарнама осы тармақтың 1), 7), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтиды.