Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»

Қаулы · № 143 · қабылданған 04.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105375/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса» Күшін жойған Қаулы ·№ 143 ·04.07.2016
25.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»

Күшін жойған Қаулы ·№ 143 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»
Атауы (қаз.)
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
143
Қабылданған күні
04.07.2016
Көрсетілген редакция
25.12.2019 105375_694743.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16T0003583
ЭКБ идентификаторы
105375
Редакция идентификаторы
105375_694743
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:30

0 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы

дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Атырау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «04» шілде
№143 қаулысына
қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы «04» шілде
№143 қаулысымен
бекітілген
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12439 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтініш табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өтінішті ұсынған сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде оларды қабылдауды, тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) жұмыс сағаты ішінде өтінішті қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті алғаннан кейiн 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына орналастыруды жүзеге асырады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

21 «Агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1 - қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

22 «Агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 - қосымша
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы