Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 125 · қабылданған 26.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105403/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 125 ·26.05.2016
14.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 125 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
125
Қабылданған күні
26.05.2016
Көрсетілген редакция
14.04.2021 105403_520134.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KM003848
ЭКБ идентификаторы
105403
Редакция идентификаторы
105403_520134
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:01

0 Азаматтық қызметші болып

табылатын және ауылдық
жерде жұмыс істейтін
денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2

2. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 330 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 8-13-74 болып тіркелген, «Қарқаралы» газетінің 2010 жылдың 06 ақпанында № 11-12 санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Токмурзинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

КЕЛІСІЛДІ
Қарқаралы аудандық
мәслихатының хатшысы С.К. Нуркенов
2016 жыл 26 мамыр.

5 Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымда

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 125 қаулысына
қосымша
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі

1 1. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:

1 1) ММ және КМҚК басшысы;

2 2) ММ және КМҚК басшысының орынбасары;

3 3) интернат меңгерушісі;

4 4) кітапхана меңгерушісі;

5 5) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

6 6) медициналық мейірбике;

7 7) кітапханашы;

8 8) тәрбиелеуші;

9 9) аға тәлімгер;

10 10) барлық мамандықтағы инженер;

11 11) нұсқаушы;

12 12) әдіскер;

13 13) есепші;

14 14) әлеуметтік педагог;

15 15) бастапқы әскери даярлық жөніндегі ұйымдастырушы-оқытушы;

16 16) қосымша білім беретін педагог;

17 17) педагог-психолог;

18 18) психолог;

19 19) логопед;

20 20) өндірістік оқыту мастері;

21 21) музыка жетекшісі;

22 22) емдәмдік мейірбике;

23 23) мұғалім-дефектолог;

24 24) дефектолог.

2 2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) ММ және КМҚК басшысы;

2 2) ММ және КМҚК басшысының орынбасары;

3 3) кітапхана меңгерушісі;

4 4) филиал меңгерушісі;

5 5) бөлімшелер басшылары;

6 6) барлық атаудағы әдіскер;

7 7) барлық атаудағы суретші;

8 8) кітапханашы;

9 9) режиссер;

10 10) көркемдік жетекші;

11 11) музыкалық жетекші;

12 12) редактор;

13 13) балетмейстер;

14 14) концертмейстр;

15 15) хормейстер;

16 16) дирижер;

17 17) аккомпаниатор;

18 18) хореограф;

19 19) мәдени ұйымдастырушы;

20 20) библиограф;

21 21) бас есепші.

3 3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

1 1) бөлімшенің меңгерушісі;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

4 4) барлық атаудағы әлеуметтік қызметкер.

4 4. Спорт мамандарының лауазымдары:

1 1) ММ басшысы,

2 2) ММ басшысының орынбасары;

3 3) барлық мамандықтағы жаттықтырушы-оқытушы.

5 5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

1 1) КМК басшысы;

2 2) КМК басшысының орынбасары;

3 3) ветеринарлық пункт меңгерушісі;

4 4) барлық мамандықтағы мал дәрігерлері;

5 5) ветеринарлық фельдшер.

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
КМҚК – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
КМК – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын.

Қолданыстағы