Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных

Бұйрық · № 567 · қабылданған 28.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105438/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных Күшін жойған Бұйрық ·№ 567 ·28.06.2016
04.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных

Күшін жойған Бұйрық ·№ 567 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных
Атауы (қаз.)
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
567
Қабылданған күні
28.06.2016
Көрсетілген редакция
04.12.2020 105438_498371.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014063
ЭКБ идентификаторы
105438
Редакция идентификаторы
105438_498371
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:35

0 Әкімшілік деректерді

жинауға арналған
нысанды бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған ұжымдық шарттарды есепке алу нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
__________________ Н. Айдапкелов
2016 жылғы «__»______________

1 «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» 20__жылғы _________ ай үшін есепті кезең

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 567 бұйрығына
Қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер»
20__жылғы _________ ай үшін есепті кезең
Индекс: 1-ҰШ
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалары
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне қарай
облыс
әрекеттегі кәсіпорындардың саны, дана
барлығы, дана
оның ішінде:
мемлекеттік, оның ішінде, дана:
ірі, дана
орта, дана
кіші, дана
жеке, оның ішінде, дана:
ірі, дана
орта, дана
кіші, дана
А
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Кестенің жалғасы
ұжымдық шарттардың ____ жылдың басындағы саны, дана
___ жылы ұжымдық шарттар бойынша жұмыс
әрекеттегі ұжымдық шарттардың жиыны, дана
%
қолданылу мерзімі өткен ұжымдық шарттардың саны, дана
оның ішінде жаңа мерзімге қайта жасалған, дана
жаңадан жасалған ұжымдық шарттардың саны, дана
10
11
12
13
14
15
Кестенің жалғасы
оның ішінде кәсіпорындарда:
мемлекеттік, оның ішінде, дана:
ірі, дана
%
орта, дана
%
кіші, дана
%
жеке, оның ішінде, дана:
ірі, дана
%
орта, дана
%
кіші, дана
%
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
Басшы ____________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
(бар болса)
Орындаушы _______________________ ______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
(бар болса)
Орындаушының телефоны____________________________________________
ымның мекенжайы__________________________________________________
Ұйымның телефоны ________________________________________________
М.О.
Ескертпе: осы әкімшілік деректерді жинауға арналған ұжымдық шарттарды есепке алу нысанына қосымшада толтыру жөніндегі түсіндірме көрсетілген.

2 «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық

Әкімшілік деректерді
жинауға арналған ұжымдық
шарттарды есепке алу нысанына
қосымша
«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер»
әкімшілік деректерді жинауға арналған
нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық

1 1-бөлім. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.

2 2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

3 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалары толтырылған Нысанды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне қарай ұсынады.

4 4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

5 5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2 2-бөлім. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

6 6. Нысанның 1-бағанында әрекеттегі кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

7 7. Нысанның 2-бағанында әрекеттегі мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

8 8. Нысанның 3, 4, 5-бағандарында сәйкесінше әрекеттегі ірі, орта, кіші мемлекеттік кәсіпорындардың саны көрсетіледі.

9 9. Нысанның 6-бағанында әрекеттегі жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

10 10. Нысанның 7, 8, 9-бағандарында сәйкесінше әрекеттегі ірі, орта, кіші жеке кәсіпорындардың саны көрсетіледі.

11 11. Нысанның 10-бағанында ұжымдық шарттардың ағымдағы жылдың

басындағы жалпы саны көрсетіледі.

12 12. Нысанның 11-бағанында ұжымдық шарттардың ағымдағы жылдың

басындағы жалпы санынан қолданылу мерзімі өткен ұжымдық шарттардың саны көрсетіледі.

13 13. Нысанның 12-бағанында ұжымдық шарттардың ағымдағы жылдың

басындағы жалпы санынан қолданылу мерзімі өткен ұжымдық шарттардың ішінен жаңа мерзімге қайта жасалған ұжымдық шарттардың саны көрсетіледі.

14 14. Нысанның 13-бағанында жаңадан жасалған ұжымдық шарттардың саны көрсетіледі.

15 15. Нысанның 14-бағанында әрекеттегі ұжымдық шарттардың жиыны көрсетіледі.

16 16. Нысанның 15-бағанында әрекеттегі кәсіпорындардың жалпы санынан әрекеттегі ұжымдық шарттардың пайызы көрсетіледі.

17 17. Нысанның 16-бағанында ұжымдық шарттары бар мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

18 18. Нысанның 17-бағанында ұжымдық шарттары бар ірі мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

19 19. Нысанның 18-бағанында әрекеттегі ірі мемлекеттік кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар ірі мемлекеттік кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (3-баған).

20 20. Нысанның 19-бағанында ұжымдық шарттары бар орта мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

21 21. Нысанның 20-бағанында әрекеттегі орта мемлекеттік кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар орта мемлекеттік кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (4-баған).

22 22. Нысанның 21-бағанында ұжымдық шарттары бар кіші мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

23 23. Нысанның 22-бағанында әрекеттегі кіші мемлекеттік кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар кіші мемлекеттік кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (5-баған).

24 24. Нысанның 23-бағанында ұжымдық шарттары бар жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

25 25. Нысанның 24-бағанында ұжымдық шарттары бар ірі жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

26 26. Нысанның 25-бағанында әрекеттегі ірі жеке кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар ірі жеке кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (7-баған).

27 27. Нысанның 26-бағанында ұжымдық шарттары бар орта жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

28 28. Нысанның 27-бағанында әрекеттегі орта жеке кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар орта жеке кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (8-баған).

29 29. Нысанның 28-бағанында ұжымдық шарттары бар кіші жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

30 30. Нысанның 29-бағанында әрекеттегі кіші жеке кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар кіші жеке кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (9-баған).

Қолданыстағы