О реорганизации структуры управления
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации структуры управления
- Атауы (қаз.)
- Басқару құрылымын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 123
- Қабылданған күні
- 17.05.1998
- Көрсетілген редакция
- 17.05.1998 1055_251328.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98S000022_
- ЭКБ идентификаторы
- 1055
- Редакция идентификаторы
- 1055_251328
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:42
0 Басқару құрылымын қайта ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 20.01.2005 № 4 шешімімен
Құрылыс кешені үрдісін мемлекеттік реттеу, коммуналдық шаруашылық, көлік, байланыс жұмыстарын үйлестіру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. 18 штаттың бірліктен құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс департаменті мемлекеттік мекемесі қүрылсын.
2. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес облыс әкімінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі өкілетті орган - құрылыс тұрғын үй құрылысы, сәулет және аумақтағы құрылыс салу департаменті жойылсын.
3. 7 штаттық бірліктен мемлекеттік мекеме - Солтүстік Қазақстан облыстық сәулет бөлімі құрылсын.
4. Жойылатын құрылыс, тұрғын үй құрылысы, сәулет және аумақтағы құрылыс салу департаментінің 18 адамы, және облыстық жер инспекциясының 5 адамы, өнеркәсіп департаментінің штаттық санын 2 адамға қысқарту есептерінен құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс және облыстық саулет бөлімі қалыптастырылсын.
5. Мемлекеттік мекемелер туралы ереже және құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс департаментінің, Солтүстік Қазақстан облыстық сәулет бөлімінің құрылымдары бекітілсін. 1,2,3,4 қосымшалар.
6. Облыс аумағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшы функциясы-құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс департаментіне берілсін.
7. Қызметтік жеңіл автомобильдер саны: құрылыс коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс департаменті үшін - І бірлік деп айқындалсын.