Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Абайского районного маслихата» и его описание

Ереже · № 7/72 · қабылданған 21.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105545/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Абайского районного маслихата» и его описание Күшін жойған Ереже ·№ 7/72 ·21.07.2016
24.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Абайского районного маслихата» и его описание

Күшін жойған Ереже ·№ 7/72 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Абайского районного маслихата» и его описание
Атауы (қаз.)
«Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/72
Қабылданған күні
21.07.2016
Көрсетілген редакция
24.06.2020 105545_468198.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KI003934
ЭКБ идентификаторы
105545
Редакция идентификаторы
105545_468198
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:18

0 «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Абай аудандық мәслихатының

2016 жылғы 21 шілдедегі
7 сессиясының
№ 7/72 шешімімен бекітілген
«Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

1

1. Осы «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

2 2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

3 3. Куәлік бір түрде жасанды теріден жасалған мұқабада көзделген.

4 4. Куәлік Абай аудандық мәслихаты хатшысының қолымен белгіленген тәртіпте беріледі.

5 5. Куәлік лауазымға тағайындаған, ауыстырған (қайта тағайындаған), бүлінген, жоғалған кезде беріледі.

6 6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті бұйрықтың шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

7 7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

8 8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.

9 9. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.

10 10. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде мәслихат аппаратының басшысына хабарлайды.

11 11. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

12

12. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактіні аппарат басшысы белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысынан қарайды.

13 13. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлікті қызметкер өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.

14

14. Көк түсті жасанды теріден жасалған мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және «Куәлік» деген типографиялық шрифтегі жазбасы мемлекеттік және орыс тілінде болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x200 миллиметр болады. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Сол жақ бұрыштың сол жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті. Сол жақ бұрыштың оң жағында фотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы мемлекеттік және орыс тілінде көрсетіледі. Екі жақ төменгі тарапында куәліктің берілген күні болады.

15 15. Куәліктер Абай аудандық мәслихатының хатшысы қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

19 «Абай аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру Қағидалары
және оның сипаттамасына
1 қосымша
Нысан
«Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ат­қа­ра­тын
ла­у­а­зы­мы
Куәлік

Беру күні
Ку­ә­лік
бе­рі­л­ген
қыз­мет­кер­дің
қо­лы
Тапсыру
күні
Ку­ә­лік­ті
тап­сыр­ған
қыз­мет­кер­дің
қо­лы
Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

20 АКТІ № ______

«Абай аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру Қағидалары
және оның сипаттамасына
2 қосымша
Нысан
Ұйымның атауы
АКТІ № ______
__________________ ________________
жасалу орны күні
Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), қызметтік куәлікті беру қағидаларының 7-тармағының негізінде «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы            Қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы            Қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы            Қолы

Қолданыстағы