О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата города Экибастуза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата города Экибастуза
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 824/8
- Қабылданған күні
- 29.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2016 105576_Some(105835).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16PC08248A
- ЭКБ идентификаторы
- 105576
- Редакция идентификаторы
- 105576_Some(105835)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:12
0 Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Екібастұз қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының:
2015 жылғы 24 сәуірдегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 458/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4498 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);
2016 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы» № 289/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5078 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 сәуірде «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.