Об утверждении критериев отнесения отходов потребления ко вторичному сырью
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев отнесения отходов потребления ко вторичному сырью
- Атауы (қаз.)
- Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 332
- Қабылданған күні
- 19.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2024 105595_717990.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014120
- ЭКБ идентификаторы
- 105595
- Редакция идентификаторы
- 105595_717990
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:20
1 Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 297-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а.
2016 жылғы 19 шілдедегі
№ 332 бұйрығымен
бекітілген
Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 297-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2 2. Кодекстің 297-1-бабының 1-тармағына сәйкес тұтыну қалдықтары, нәтижесінде қалдықтар өнім өндіру процесінде шикізатты және (немесе) басқа да материалдарды ішінара немесе толық алмастыру мақсатына қызмет ететін операциялар жасалған соң қайталама шикізат мәртебесіне ие болады.
3 3. Осы Өлшемшарттарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Кодекске сәйкес қолданылады.
2 2-тарау. Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары
4 4. Өлшемшарттарға мыналар жатады:
1 1) қайталама шикізат ретінде одан әрі пайдалануға жарамды қалдықтар*.
2 2) одан әрі қайта өңдеу үшін шикізат ретінде пайдаланылатын қалдықтар;
3 3) салмағы бойынша 2%-дан аспайтын материалдардан (қоспалардан) тұратын тұтыну қалдықтары.
Материалдар (қоспалар): шаң, топырақ, оқшаулау, химиялық немесе биологиялық ыдырайтын заттар, бетон және құбырлар (бетон, ағаш фрагменттері немесе топырақпен толтырылған), болат балқыту үдерістері, термиялық өңдеу үдерістері , өңдеу бетінің үдерістері (оның ішінде тазарту, тегістеу, кесу, дәнекерлеу және отпен кесу) нәтижесінде туындайтын шлак, окалина, шаң ұстау жүйелерінен болған шаң, тегістеу шаңы, шлам сияқты қалдықтар;
4 4) тамшы түзілуімен сүйемелденбейтін шамалы мөлшерді қоспағанда, май, майлы эмульсия, жағар май материалдары мен майлары жоқ тұтыну қалдықтары;
5 5) құрамында Кодекстің 287-бабының 1-тармағындағы көрсетілген заттар жоқ тұтыну қалдықтары;
6 6) құрамында жабын және бояу түріндегі поливинилхлорид жоқ тұтыну қалдықтары.
*Қайталама шикізат ретінде одан әрі пайдалануға жататын қалдықтар, мысалы: макулатура (қағаз, картон), пластикалық қалдықтар, шыны бөтелкелер (шыны сынықтары), сүрек және резеңке (каучук)