Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
- Атауы (қаз.)
- Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 102-1384
- Қабылданған күні
- 29.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2016 105603_113866.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01047
- ЭКБ идентификаторы
- 105603
- Редакция идентификаторы
- 105603_113866
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:12
0 Басым ауыл шаруашылығы
дақылдардың тізбесін және субсидиялар
нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлімiнде № 11094 болып тiркелген) Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 102-2319 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 983 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 145 (3350) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 145 (3368) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік
тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 102-1384 қаулысына
қосымша
2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
Р/с №
Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Бюджеттік субсидиялардың
1 гектарға арналған нормасы
(теңге)
1.
Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
2 500 000