Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қаулы · № 102-1384 · қабылданған 29.07.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105603/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий Қолданыста 29.07.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қолданыста Қаулы № 102-1384 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
102-1384
Қабылданған күні
29.07.2016
Көрсетілген редакция
29.07.2016 105603_113866.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ABW01047
ЭКБ идентификаторы
105603
Редакция идентификаторы
105603_113866
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:12
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Басым ауыл шаруашылығы

дақылдардың тізбесін және субсидиялар
нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлімiнде № 11094 болып тiркелген) Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 102-2319 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 983 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 145 (3350) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 145 (3368) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік

тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)

Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 102-1384 қаулысына
қосымша
2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
Р/с №
Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Бюджеттік субсидиялардың
1 гектарға арналған нормасы
(теңге)
1.
Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
2 500 000