Об изменении границ населенных пунктов Отырарского района
Қаулы
· № 3/18-VI
· қабылданған 11.07.2016
Заңдық күші:
Қолданыста
· 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105665/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об изменении границ населенных пунктов Отырарского районаҚолданыста11.07.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of
replacing it: speech control matches what a person can read on the
button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same
way. #}
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0Отырар ауданы бойынша елді
мекендердің шекараларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі және Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:
1) 4,77 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Аққұм ауыл округі Аққұм ауылының жалпы ауданы 1646.94 гектар;
2) 202,61 гектар жер учаскесі елді мекен жайылым жерінен алынып, ауданның арнайы жер қоры шегіне енгізілді. Балтакөл ауыл округі Балтакөл ауылының жалпы ауданы 650,73 гектар;
3) Көксарай ауыл округі Көксарай ауылының карталық схемасына өзгеріс енгізіліп, жалпы ауданы 3140,44 гектар;
4) 31,83 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақоңыр ауыл округі Сырдария ауылының жалпы ауданы 867,99 гектар;
5) 0,40 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақоңыр ауыл округі Шәмші Қалдаяқов ауылының жалпы ауданы 1710,14 гектар;
6) 7,21 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қоғам ауыл округі Қоғам ауылының жалпы ауданы 315,75 гектар;
7) 3,67 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Маяқұм ауыл округі Маяқұм ауылының жалпы ауданы 2025,36 гектар;
8) 9,97 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Отырар ауыл округі, Арыс ауылының жалпы ауданы 1373,67 гектар;
9) 41,78 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Отырар ауыл округі, Шойманов ауылының жалпы ауданы 390,87 гектар;
10) 27,13 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Талапты ауыл округі Көкмардан ауылының жалпы ауданы 368,28 гектар;
11) 0,23 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Талапты ауыл округі, Ынталы ауылының жалпы ауданы 94,96 гектар;
12) 25,81 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Талапты ауыл округі Шытты ауылының жалпы ауданы 386,11 гектар;
13) Темір ауыл округі Темір ауылының карталық схемасы мен кварталына өзгеріс енгізіліп, жалпы ауданы 452,78 гектар;
14) 107,59 гектар жер учаскесі елді мекен жайылым жерінен алынып, ауданның арнайы жер қоры шегіне енгізілді. Шілік ауыл округі Жаңа Шілік ауылының жалпы ауданы 2102,16 гектар;
15) 79,74 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіліп және кварталына өзгерістер жасалынды. Шәуілдір ауыл округі Шәуілдір ауылының жалпы ауданы 1120,63 гектар.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ЖИ-көмекші
Заңгер таңдап, заң бойынша не маңызды екенін айтамын