Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Аккайынского района

Қаулы · № 211 · қабылданған 27.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105707/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Аккайынского района Күшін жойған Қаулы ·№ 211 ·27.07.2016
19.03.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Аккайынского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 211 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Аккайынского района
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
211
Қабылданған күні
27.07.2016
Көрсетілген редакция
19.03.2019 105707_393785.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16SB003879
ЭКБ идентификаторы
105707
Редакция идентификаторы
105707_393785
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:15

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі 18 бабының 2) тармақшасына, «Құқықтық әктілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдырының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындау туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 100 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 мамырда №3755 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда №23 аудандық «Колос» газетіне, 2016 жылғы 26 мамырда №23 аудандық «Аққайың» газетіне жарияланды ) күші жойылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Аққайың аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Аққайың ауданының
мәслихатының хатшысы
_______________С.Ө. Мұқанов
2016 жылғы «27» шілде

5 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдырының тізбесі

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «27» шілдедегі
№ 211 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдырының тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

дәрігер;
мейірбике;
емдәм бикесі.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің басшысы;
қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші;
жұмыспен қамту орталығының басшысы;
жұмыспен қамту орталығы құрылымдық бөлімшесінің маманы;
ассистент.

3 3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

мемелекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
мектепке дейінгі білім ұйымы мемлекеттік мекеме басшысы;
мектепке дейінгі білім ұйымы қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері - жоғары, орта, деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
әлеуметтік педагог;
психолог;
тәрбиеші;
музыкалық жетекші;
мемлекеттік мекеме әдістемелік кабинетінің жетекшісі;
әдіскер;
шебер;
вожатый;
кітапхана меңгерушісі;
шеберхана меңгерушісі.
Логопед;
Бастауыш әскери дайындығының тәрбиеші-ұйымдастырушысы
Дене шынықтыру бойынша инструктор.

4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

мемелекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің бөлім басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
кітапхананың меңгерушісі;
көркемдік жетекші;
әдіскер;
кітапханашы;
библиограф;
режиссер;
аккомпаниатор;
мәдени ұйымдастырушы;
хореограф.

5 5. Спорт мамандарының лауазымдары:

нұсқаушы;
шебер;
әдіскер;
жаттықтырушы.

6 6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

ветеринариялық стансаның басшысы;
ветеринариялық станса басшысының орынбасары
ветеринарлық дәрігер;
зертханашы;
малды жасанды ұрықтандыру технигі;
тұқымдық ісі бойынша техник;
ветеринарлық фельдшер.

Қолданыстағы