Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений личности моряка Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений личности моряка Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 558
- Қабылданған күні
- 19.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2020 105710_478288.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014112
- ЭКБ идентификаторы
- 105710
- Редакция идентификаторы
- 105710_478288
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:21
0 «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1 1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2
2)осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4)осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 19 шілдедегі № 558
бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшесі – Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін (бұдан әрі – ТЖК) беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 223 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13681 болып тіркелген) «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтiнiш-сауалнаманы ұсыну болып табылады.
5 5. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің өтiнiш-сауалнаманы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағына қарастырылған құжаттарды қабылдау және тіркеу - 30 (отыз) минут;
2 2) цифрлық камераны және арнайы сканердi пайдалану арқылы суретке түсіру, қол саусақтарының таңбасын алу және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қолхат-хабарлама беру – 30 (отыз) минут;
3 3) қарау үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беру – 1 (бір) сағат;
4 4) басшымен немесе оның орынбасарымен жауапты орындаушыны анықтау - 2 (екі) сағат;
5 5) жауапты орындаушының ТЖК берудi келiсу журналында келiсуге жiберiлетiн өтiнiш-сауалнамаларды тiркеуі және оларды келісу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде – деректер берудiң ведомствоаралық желiсi бойынша жолдауы – 4 (төрт) сағат;
6 6) ұлттық қауіпсіздік органдарының ТЖК ресімдеуін келісуі және көрсетілетін қызметті берушіге келiсу туралы белгiсi бар өтiнiш-сауалнаманы пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде – деректер берудiң ведомствоаралық желiсi бойынша жолдауы – 10 (он) жұмыс күні;
7 7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушымен ТЖК-ні ресiмдеу және беру үшiн негiздердiң болуын тексеру нәтижелерi туралы жазбаша қорытынды даярлау – 1 (бір) сағат;
8 8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен шешім қабылдау және ТЖК-ні ресiмдеу және беру үшiн негiздердiң болуын тексеру нәтижелерi туралы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беру – 1 (бір) сағат;
9 9) техникалық құралдарды пайдалана отырып, ТЖК ресімдеу – 1 (бір) жұмыс күні;
10 10) ТЖК-ның толтырылу дұрыстығын тексеру және ТЖК-ге енгiзiлген биометрикалық деректердi пайдалана отырып, ТЖК иесiнің жеке басын сәйкестендіру – 5 (бес) сағат;
11 11) көрсетілетін қызметті алушыға ТЖК-ге енгiзiлген деректердi тексеру үшін жабдыққа рұқсат беруді қамтамасыз ету - 30 (отыз) минут;
12 12) көрсетілетін қызметті алушыға ТЖК-ні беру – 30 (отыз) минут.
6 6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) өтініш-сауалнаманы қабылдау және тіркеу;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орынбасарының қарары;
3 3) ТЖК ресімдеуді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу;
4 4) ТЖК ресімдеу;
5 5) ТЖК беру.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4 4) ұлттық қауіпсіздік органдарының жауапты орындаушысы.
8 8. Әрбір рәсімді (іс-әрекетті) орындау мерзімін көрсете отырып, құрылымдық бөлімдерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері:
өтiнiш-сауалнаманы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдайды және тіркейді - 30 (отыз) минут;
цифрлық камераны және арнайы сканердi пайдалану арқылы суретке түсiру, қол саусақтарының таңбасын алу және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қолхат-хабарлама беруді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
бұрыштама қою үшін құжаттарды басшыға немесе оның орынбасарына береді – 1 (бір) сағат;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары жауапты орындаушыны анықтайды және оған құжаттарды қарау үшін береді – 2 (екі) сағат;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ТЖК берудi келiсу журналында келiсуге жiберiлетiн өтiнiш-сауалнамаларды қарайды және тiркейді және оларды ұлттық қауіпсіздік органдарына келісу үшін пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде – деректер берудiң ведомствоаралық желiсi бойынша жолдайды – 4 (төрт) сағат;
4
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының жауапты орындаушысы ТЖК-ні ресiмдеуді келіседі және келiсу туралы белгiсi бар өтiнiш-сауалнаманы көрсетілетін қызметті берушіге пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде – электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, деректер берудiң ведомствоаралық желiсi бойынша жолдайды – 10 (он) жұмыс күні;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу кезінде ТЖК-ні ресiмдеу және беру үшiн негiздердiң болуын тексеру нәтижелерi туралы жазбаша қорытынды дайындайды – 1 (бір) сағат;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары шешім қабылдайды және ТЖК-ні ресiмдеу және беру үшiн негiздердiң болуын тексеру нәтижелерi туралы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді – 1 (бір) сағат;
7 7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары оң шешім қабылдаған кезде техникалық құралдарды пайдалана отырып, ТЖК-ны ресімдейді – 1 (бір) жұмыс күні;
ТЖК-ның толтырылу дұрыстығын және ТЖК-ге енгiзiлген биометрикалық деректердi пайдалана отырып ТЖК иесiнің жеке басының сәйкестiгiн тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкеріне береді – 5 (бес) сағат;
8 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері:
көрсетілетін қызметті алушынының талап етуі бойынша ТЖК-ға енгiзiлген арнайы техникалық құралдарсыз оқылмайтын оған қатысты кез келген деректердi тексеруге мүмкiндiк беретiн жабдыққа рұқсат беру – 30 (отыз) минут;
ТЖК-н беру журналына қол қойғыза отырып, көрсетілетін қызметті алушыға ТЖК-н жеке өзiне береді – 30 (отыз) минут.
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
0 «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
«Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы