Об утверждении Единого перечня персональных данных пользователей услуг оператора почты, необходимого и достаточного для оказания услуг операторами почты
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Единого перечня персональных данных пользователей услуг оператора почты, необходимого и достаточного для оказания услуг операторами почты
- Атауы (қаз.)
- Пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 70
- Қабылданған күні
- 29.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2016 105775_Some(107805).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014131
- ЭКБ идентификаторы
- 105775
- Редакция идентификаторы
- 105775_Some(107805)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:12
0 Пошта операторларының қызметтер
көрсетуіне қажетті және жеткілікті
пошта операторының көрсетілетін
қызметтерін пайдаланушылардың
дербес деректерінің бірыңғай
тізбесін бекіту туралы
«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Пошта операторының қызметтерді көрсетуіне қажетті және жеткілікті пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 70 бұйрығымен
бекітілген
Пошта операторының қызметтерді көрсетуіне қажетті және жеткілікті пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесі
Р/с
№
Дербес деректердің атауы
1.
Тегі;
2.
Аты;
3.
Әкесінің аты (бар болған жағдайда);
4.
Жеке сәйкестендіру нөмірі;
5.
Резиденттік белгілері;
6.
Туған күні, айы, жылы;
7.
Азаматтығы туралы мәліметтер:
азаматтық (бұрынғы азаматтығы);
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу күні;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні;
8.
Жұмыс орны және лауазымы (бар болған жағдайда);
9.
Тұрғылықты мекен-жайы (ел, пошталық индексі, облыс/аудан/елді мекен, көше атауы/даңғылы/шағын аудан, үйддің нөмірі/пәтер);
10.
Байланыс телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс) (бар болған жағдайда);
11.
Электрондық пошта мекен-жайы (бар болған жағдайда);
12.
Құжаттың, жеке куәліктің мәліметтері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі;
құжаттың берілген күні;
құжаттың қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган;
13.
Пошта операторларымен іскерлік қатынаста қолдаушы негізіндегі құжаттың деректері (келісім шарт, қол қойылған күн);
14.
Рұқсатнаманың нөмірі, берілген күні, қолдану мерзімі (шетелге шығу төлқұжаты, жеке куәлік құжаттарын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасынан рұқсатнамасыз негізде мемлекетке шығатын азаматтарды есептемегенде) (шетел азаматтары үшін);
15.
Бизнесті сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғалар үшін);
16.
Кәсіпкерлік қызмет түрі;
17.
Қызметті жүзеге асырған орнының мекенжайы (мемлекет/құзырет, пошталық индекс, елді мекен, көше/аудан, ғимарттың нөмірі) (заңды тұлғалар үшін);
18.
Заң бойынша өкілеттікті жүзеге асыратын белгі немесе жеке тұлғаның атынан заңды іс-әрекеттер жасау (оның ішінде, шот ашу, шотпен өкім)
(сенімхат, келісім-шарт, қорғаншы (қамқоршы) куәлігі, басқада құжаттар) құжаттардың нөмірі, берілген күні (қол қойылған күні), жарамдылық мерзімі.