О повышении базовых ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
- Атауы (қаз.)
- Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/10-VI
- Қабылданған күні
- 20.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2018 105782_311426.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VD004658
- ЭКБ идентификаторы
- 105782
- Редакция идентификаторы
- 105782_311426
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:19
0 Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге
жер салығының және бірыңғай
жер салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 386 - бабының 5 - тармағына, 444 - бабының 1 - тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 378, 444 - бабымен белгіленген бірыңғай жер салығының және жер салығының базалық мөлшерлемелері Риддер қаласы бойынша он есе жоғарылатылсын.