Құжат мәтініне өту

О назначении полномочий назначенного оператора

Бұйрық · № 58 · қабылданған 25.07.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105800/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О назначении полномочий назначенного оператора Қолданыста Бұйрық ·№ 58 ·25.07.2016
25.07.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О назначении полномочий назначенного оператора

Қолданыста Бұйрық ·№ 58 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О назначении полномочий назначенного оператора
Атауы (қаз.)
Тағайындалған оператордың өкілеттігін тағайындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
58
Қабылданған күні
25.07.2016
Көрсетілген редакция
25.07.2016 105800_111545.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014168
ЭКБ идентификаторы
105800
Редакция идентификаторы
105800_111545
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:16

0 Тағайындалған оператордың

өкілеттігін тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Тағайындалған оператордың мынадай бекітілсін:

1 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы бүкіл елді мекендерде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың барлығы үшін пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін тұрақты негізде көрсету;

2 2) жазбаша хат-хабарды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу;

3 3) салмағы жиырма килограмға дейінгі жіберілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу;

4 4) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтару;

5 5) төлемге халықаралық қайтарым купонын қабылдау;

6 6) Дүниежүзілік пошта одағына мүше-басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз жөніндегі өкілеттігі тағайындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастандыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы