О снятии ограничительных мероприятий, в крестьянском хозяйстве «Калижан» Карабасского сельского округа Бескарагайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий, в крестьянском хозяйстве «Калижан» Карабасского сельского округа Бескарагайского района
- Атауы (қаз.)
- «Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің «Қалижан» шаруа қожалығындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 16.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2016 105813_108228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VGH00002
- ЭКБ идентификаторы
- 105813
- Редакция идентификаторы
- 105813_108228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:03
0 Бесқарағай ауданы Қарабас
ауылдық округінің «Қалижан»
шаруа қожалығындағы шектеу
іс-шараларын алып тастау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 212 ұсынысы негізінде Қарабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің «Қалижан» шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары ауыл шаруашылық малдар арасында бруцеллез ошағын жою мақсатындағы малдәрігерлік шұғыл жоспар көлемі толығымен орындалуына байланысты алынып тасталсын.
2
2. 2016 жылдың 5 мамырдағы № 1 Қарабас ауылдық округі әкімінің «Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі Қарабас ауылында және «Қалижан» шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі (2016 жылдың 11 маусымында аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінің № 49 санында жарияланған, нормативтік құқықтық актілер реестірінде 1 мамыр 2016 жылы тіркелген № 4555) «Қалижан» шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары деген бөлігі күшін жойды деп саналсын.