О внесении изменений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 307
- Қабылданған күні
- 01.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2020 105866_462540.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014150
- ЭКБ идентификаторы
- 105866
- Редакция идентификаторы
- 105866_462540
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:31
0 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы
9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
1) «Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 146 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 20 маусымдағы
№ 161-НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4282 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 шілдегі № 132 (938) «Заң газеті» газетінде жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы
9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
2
2) «Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы
13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5186 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдедегі № 7 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған)):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы
9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.