О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Селденкоргау курылыс» Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Селденкоргау курылыс» Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Селденқорғау құрылыс» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 498
- Қабылданған күні
- 31.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 105901_151293.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000498
- ЭКБ идентификаторы
- 105901
- Редакция идентификаторы
- 105901_151293
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:54
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
«Селденқорғау құрылыс» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Селденқорғау құрылыс» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті;
2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы арнайы инженерлік азаматтық қорғау іс-шараларын орындау болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4 4. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Төтенше жағдайлар комитеті» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік кәсіпорындар
«Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».