Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типового договора на субсидирование ставки вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов и локомотивов

Бұйрық · № 517 · қабылданған 22.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105912/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Типового договора на субсидирование ставки вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов и локомотивов Қолданыста Бұйрық ·№ 517 ·22.06.2016
26.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типового договора на субсидирование ставки вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов и локомотивов

Қолданыста Бұйрық ·№ 517 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типового договора на субсидирование ставки вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов и локомотивов
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
517
Қабылданған күні
22.06.2016
Көрсетілген редакция
26.07.2023 105912_646949.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013975
ЭКБ идентификаторы
105912
Редакция идентификаторы
105912_646949
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:39

0 Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы

«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың

2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарты

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 22 маусымдағы
№ 517 бұйрығымен
бекітілді
Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарты
____________ қаласы 20__ жылғы «____» __________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы),
бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын,
____________________________________________________________________
(лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
атынан ______________________________________________________________
(өкілеттігін растайтын құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін, және ___________________________________________
(қаржы институтының толық атауы)
бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын, екінші тараптан
____________________________________________________________________
лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
атынан ______________________________________________________________
(өкілеттігін растайтын құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін, ________________________________________________
(тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар
қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының және локомотивтік
тартқыш операторының атауы)
бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын, үшінші тараптан
____________________________________________________________________
(лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
атынан ______________________________________________________________
(өкілеттігін растайтын құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін, бірге «Тараптар» деп аталатын, вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемесін бюджеттік қаржы есебінен субсидиялауға өтінімді қарастыру нәтижесі туралы 20__жылғы «___» ________ хаттамаға сәйкес төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1 1-тарау. Жалы ережелер

1

1. Уәкілетті орган Қарыз алушының «Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» № ___ республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген _______% (__________________________) (пайыздың көлемі жазбаша) мөлшерінде Қарыз алушымен вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды (бұдан әрі – субсидиялау) жүзеге асырады.

2

2. Қаржылық институт осы Шартқа сәйкес субсидиялау шеңберінде Уәкілетті органнан алған ақша қаражаты есебінен 20__жылғы «___» ________ №__ вагондар мен локомотивтерді сатып алуға банк қарызы немесе қаржы лизингінің шарты (бұдан әрі – қарыз/қаржы лизингі шарты) бойынша Қарыз алушының міндеттерін орындау есебінен _______% (_____________) (пайыздың көлемі жазбаша) мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесін өтеуді жүзеге асырады.

3 3. Қарыз алушы осы Шартпен және қарыз/қаржы лизингі шартымен қарастырылған міндеттемелерді орындауға міндеттеледі.

2 2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері

4

4. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген) Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес субсидиялауды жүзеге асырады.

5 5. Уәкілетті орган мыналарға:

1 1) Қаржы институтымен және Қарыз алушымен жылына бір реттен кем емес, соның ішінде вагондар мен локомотивтер орналасқан орынға шығумен ұсынылған құжаттар негізінде қарыз қаражатын мақсатқа сай пайдалануына мониторинг жүргізуге;

2 2) Қаржы институтынан және Қарыз алушыдан субсидиялау жүзеге асырылатын қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес жүзеге асыру шеңберінде вагондар мен локомотивтерді сатып алуға қатысты құжаттар мен ақпараттарды (оның ішінде қаржы-шаруашылық қызметтері құжаттары) сұратуға және алуға;

3 3) Тараптар үшін қарастырылған, осы шартпен бекітілген, Қарыз алушының міндеттерін орындау мерзімін сақтай отырып бақылауды жүзеге асыруға және Қаржы институтымен және Қарыз алушымен уақытылы орындауды талап ету;

4 4) өткізілген мониторинг негізінде:

- Қарыз алушымен немесе Қаржы институтымен қарыз қаражатын мақсатқа сай қолданбау фактілерін анықтаған;
- қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша қатарынан күнтізбелі 120 күн ішінде мерзімі өткен берешектер жағдайында осы Шартты бұзуға құқылы.

5 5) қаржы/қарыз қаражаты шарты бойынша мерзімі өткен берешектер фактісі анықталған жағдайда, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда Қарыз алушыға лизинг мәнін алып тастау және есептерді тұтқынға салу жағдайларында субсидиялауды тоқтатуға құқылы.

6 6. Қарыз алушы мыналарға:

1 1) өзінің қарыз/қаржы лизингісінің шарты бойынша міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

2 2) қарыз/қаржы лизингісінің шартына сәйкес банкке/лизингтік компанияға өтеу кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізуге;

3 3) Уәкілетті органға оның жазбаша сұрау салуы бойынша субсидиялау жүзеге асырылатын қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес жүзеге асыру шеңберінде вагондар мен локомотивтерді сатып алуға қатысты құжаттар мен ақпараттарды (оның ішінде қаржы-шаруашылық қызметтері құжаттары) ұсынуға;

4 4) үшінші тұлғаларға Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт талаптары мен оның іске асырылуы туралы ақпаратты бермеуге және ашпауға;

5 5) қарыз/қаржы лизингі шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайында сай келетін Қаржы институтымен куәләндырылған қосымша шарттарды 3 жұмыс күні ішінде ұсынуға;

6 6) жыл сайын 1-желтоқсанға дейін уәкілетті органға қол жеткен нәтижелер және қарыз қаражатын қолдану туралы ақпарат ұсынуға;

7 7) Уәкілетті органды басшылары, атауы, реквезиттері, заңды және тұрақты мекенжайларының өзгерістері туралы хабарлауға міндетті.

7 7. Қарыз алушы мыналарға:

1 1) Уәкілетті органнан осы Шарттың талаптарында қарыз/қаржы қаражаты шартының барлық мерзіміне вагондар мен локомотивтерді сатып алуға қарыз/қаржы қаражаты шарты бойынша Қарыз алушының міндеттерін орындау есебіне Қаржы институтына субсидияларды төлеуін талап етуге;

2 2) Уәкілетті органның субсидиялау бойынша міндеттерін орындау шегінде аударылған субсидия көлемі туралы ақпаратты алуға;

3 3) Уәкілетті органға ұсынылған құжаттар мен ақпараттарды нақтылауға құқылы.

8 8. Қаржы институты мыналарға:

1 1) 3 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға Қарыз алушымен қарыз/қаржы лизингі шартын бұзу туралы ескертуге;

2 2) мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, пайдаланылмаған субсидия сомасын осы Шартты бұзу күнінен бастап банктік 10 күн ішінде республикалық бюджет кірісіне қайтаруды жүргізуге;

3

3) 3 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға Қарыз алушы қарыз/қаржы лизнгі шарты бойынша уақтылы өтемеген немесе Қарыз алушының Қаржы институтының алдындағы төлемдерін төлеу бойынша міндеттерін бір ай дан кем емес мерзімде (қаржы лизингі шарты бойынша – 2 немесе одан да көп рет қатарынан) орындамаған жағдайда, ол туралы хабарлауға;

4 4) 7 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға, осы Шарт бұзылған, Қарыз алушының қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша негізгі берешек ішінара немесе толық өтелген жағдаларда, Қарыз алушы мен Қаржы институты арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісін беруге;

5 5) аударылған субсидия бойынша жеке банктік шорттарда арнайы есеп жүргізуге;

6 6) Уәкілетті органға басшыларының, атауының, деректемелерінің, заңды және тұрақты мекенжайларының өзгеруі туралы хабарлауға;

7 7) банктік құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекетік аудит органдарына беруге Қарыз алушының келісімін алуға міндетті.

9 9. Қаржы институты мыналарға:

1 1) Уәкілетті органнан осы Шарттың талаптарында субсидияны уақытылы аударуын талап етуге;

2 2) субсидиялау бойынша Уәкілетті органның міндеттерін орындау аясында субсидия көлемін аудару туралы ақпараттарды алуға құқылы.

3 3-тарау. Өзара есеп айырысу тәртібі

10

10. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу төлем бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) және вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартына қосымшаға сәйкес нысанда қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Қаржыландыру жоспары Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін Уәкілетті органмен Қаржы институты және Қарыз алушының келісімі бойынша 5 жұмыс күні ішінде бекітіледі.

11 11. Қарыз алушы Уәкілетті органның мекенжайына Қағидаларға

5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаржы институты ұсынған кредиттеуге немесе қаржы лизингінде сыйақы мөлшерлемесін нақты есептеу мен өтеу туралы есепті тіркей отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен Қаржы институтының есеп шотына қаражат аударуға өтінімді (бұдан әрі – аударуға өтінім) қаржыландыру жоспарында көрсетілген субсидия төленетін айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынады.

12 12. Осы Шарттың 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттармен келіспеген жағдайда, Тараптар 7 күнтізбелік күннен артық емес мерзімде мәліметтерді анықтауды жүргізеді.

13 13. Уәкілетті орган аударуға өтінім ұсынған күннен кейінгі 7 жұмыс күнінен кешіктірмей, Қаржы институтына осы Шартқа сәйкес 12 айға субсидиялау сомасын аударуды іске асырады.

14

14. Қаржы институтына субсидиялау сомасын аударуды жүзеге асыру үшін Уәкілетті орган Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін ведомості қалыптастырады.

15 15. Уәкілетті орган Қаржы институтына субсидияны аудару үшін қазынашылықтың аймақтық бөлімшелеріне екі данада төлем шотының реестрін және төлем шотын ұсынады.

4 4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

16 16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша туындайтын міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындағаны үшін жауапты болады.

17 17. Қарыз алушы осы Шартқа қол қою арқылы Уәкілетті органға төменде көрсетілгендерге келісімін береді:

1 1) Уәкілетті органға мүдделі үшінші тұлғаларға субсидиялау жүзеге асырылып жатқан кредит бойынша Осы Шарт аясында алынған ақпарат пен құжаттарды, сонымен қатар банктің және коммерциялық құпияны беруге;

2 2) Уәкілетті органның бұқаралық ақпарат құралдарында Қарыз алушының атауын, жоба жүзеге асырылып жатқан аймақтың атауын, Қарыз алушы жобасының атауы мен сипаттамасын, сонымен қатар салаларды жариялауына.

18 18. Уәкілетті орган Қарыз алушыдын және Қаржы институтынан ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығына жауап бермейді.

19 19. Қарыз алушымен осы Шарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Уәкілетті орган осы Шартқа сәйкес сай келетін жылға жоспарланған субсидия көлемін соммасынан кешіктірген әрбір 20 күнге 0,01% көлемінде тұрақсыздық айыппұлы түріндегі ұстауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қоса, субсидияны төлеу есебінен қарыз/қаржы лизингі шарты шегінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемдерді өтеуге бұдан арғы жауапкершілікті Қарыз алушы алады.

20 20. Қарыз алушымен осы Шарттың 6-тармағының 6) тармақшасын орындамаған жағдайда, Қарыз алушы осы Шартқа сәйкес сай келетін жылға жоспарланған субсидия көлемін соммасынан кешіктірген әрбір 20 күнге 0,01% көлемінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді.

5 5-тарау. Форс-мажор жағдайлары

21 21. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттерін орындамағаны, тиісті түрде емес орындағаны үшін жауапкершіліктен оларды орындау форс-мажор жағдайларының салдарынан мүмкін болмаған жағдайда босатылады.

22 22. Форс-мажор жағдайлары орын алған жағдайда, осы Шарт бойынша міндеттерін орындай алмаған Тарап ол жағдайлар орын алған сәттен бастап

10 жұмыс күні ішінде ол туралы екінші Тарапқа хабарлайды. Бұл ретте
форс-мажор жағдайларының әрекет ету кезеңі, орын алуы өкілетті мемлекеттік органдарының сәйкес құжаттарымен расталуы тиіс.

23 23. Дер кезінде хабарланбаған жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабарламағаны немесе дер кезінде хабарламағаны себебінен келтірілген зиянды өтейді.

24 24. Форс-мажор жағдайларының орын алуы осы Шарттың орындалу мерзімінің ол жағдайлардың орын алу кезеңіне дейін ұлғаюын туғызады.

25 25. Егер осындай жағдайлар 3 айдан артық жалғасатын болса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартуға құқылы.

6 6-тарау. Қорытынды ережелер

26 26. Шарт 20__ жылғы «__» «________» бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «__» «________» дейін қолданыста болады. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Тараптарды өзара есеп айырысу бөлігіндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

27 27. Шарт Тараптардың өзара келісімі немесе егер басқа Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талабы бойынша бұзылуы мүмкін.

28 28. Шартты орындаудан бір жақты бас тарту немесе Шартты бір жақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

29 29. Шартты уақытынан бұрын бұзған кезде бұзуға бастамашылық жасаған тарап Шартты бұзғанға дейін кемінде бір ай бұрын басқа тарапты осы туралы хабардар етуге міндетті.

30 30. Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен, келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкіндігінің болмауы кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешеді.

31 31. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірдей заңды күші бар және екі Тараптың қолы қойылатын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі жазбаша нысанда, екі данада Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалады.

32 32. Осы Шарт Нұр-Сұлтан қаласында 20___ жылғы «___» ________ Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан, бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.

9 7-тарау. Тараптардың реквизиттері және қолдары

Уәкілетті орган
Қаржы институты
Қарыз алушы
________________
Мөрдің орны
_______________
Мөрдің орны
________________
Мөрдің орны

1 20__ жылғы ________ №__ қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кестесі

Вагондар мен локомотивтерді
сатып алуға кредит беру және
қаржы лизингі кезінде
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялауға арналған
үлгілік шартына
қосымша
Нысан
20__ жылғы ________ №__ қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кестесі
Жыл
Қаржы институтының жалпы сыйақы мөлшерлемесі
Қаржы институтының ортақ сыйақы соммасы
Субсидиялауға жататын сыйақы мөлшерлемесі
Уәкілетті органмен субсидияланатын сыйақы соммасы
Қарыз алушымен өтеуге жататын сыйақы мөлшерлемесі
Қарыз алушымен өтеуге жататын сыйақы соммасы
Уәкілетті орган
Қаржы институты
Қарыз алушы
________________
Мөрдің орны
_______________
Мөрдің орны
________________
Мөрдің орны

Қолданыстағы