Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Кокшетау

Өзге акт · № С-3/6 · қабылданған 09.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105918/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Кокшетау Күшін жойған Өзге акт ·№ С-3/6 ·09.08.2016
28.11.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Кокшетау

Күшін жойған Өзге акт ·№ С-3/6 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Кокшетау
Атауы (қаз.)
Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-3/6
Қабылданған күні
09.08.2016
Көрсетілген редакция
28.11.2019 105918_428854.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BA005513
ЭКБ идентификаторы
105918
Редакция идентификаторы
105918_428854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:08

0 Көкшетау қаласында

бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер
және демонстрациялар өткізу
тәртібін қосымша реттеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

2

2. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № С-36/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4718 тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде «Көкшетау» газетінде және 2015 жылғы 2 сәуірде «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі
____________ Е.Маржықпаев
2016 жылғы «09» тамыз

4 Көкшетау қалалық мәслихатының

2016 жылғы 09 тамыздағы
№ С-3/6 шешіміне қосымша
Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

1 1. Бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:

1 1) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, «Тәуелсіздік» аланы;

2 2) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысындағы саябақ;

3 3) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Максим Горький көшесіндегі Ауған соғысы интернационал жауынгерлерінің саябағы;

4 4) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Александр Сергеевич Пушкин көшесіндегі «Бурабай» спорт сарайының сол жағындағы алаңша.

2 2. Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Максим Горький көшесінен бастап, Абай көшесінің бойымен «Тәуелсіздік» алаңына дейін.

3 3. Іс-шара уәкілдері (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдік және есірткілік масаң күйінде қатысуға жол берілмейді.

4 4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

1 1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрінбей тұруы қажет.

2 2) бір күнде және бір уақытта бір объектіде үштен аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат етіледі.

5 5. Пикет өткізу кезінде:

1 1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;

2 2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

3 3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап

айтуға рұқсат етіледі.

6

6. Басқа формада бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу шараларын жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу және ұйымдастыру тәртібі туралы» Заңында атап көрсетілгеніндей, Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органының шешімі болуы қажет.

7

7. Бейбіт жиналыстар, митингілер шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Көкшетау қаласының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Қолданыстағы