О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Абайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Абайского района
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 138
- Қабылданған күні
- 31.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 106050_109419.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16VE00138A
- ЭКБ идентификаторы
- 106050
- Редакция идентификаторы
- 106050_109419
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:54
0 Абай ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Абай ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 94 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 22 шілдеде 4609 нөмірімен тіркелген, «Абай елі» газетінде № 28 (388) 24 - 31 шілде 2016 жылғы нөмірінде жарияланған);
2
2) «Абай ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 95 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 12 шілдеде 4595 нөмірімен тіркелген, «Абай елі» газетінде № 28 (388) 24 - 31 шілде 2016 жылғы нөмірінде жарияланған).