О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 266
- Қабылданған күні
- 25.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2016 106051_Some(109464).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16G000266A
- ЭКБ идентификаторы
- 106051
- Редакция идентификаторы
- 106051_Some(109464)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:57
0 Жамбыл облысы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
4 Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы «25» тамыздағы
№ 266 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2153 болып тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырында «Ақ жол» газетінде жарияланған).
2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 356 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2500 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 ақпанында «Ақ жол» газетінде жарияланған, 2015 жылдың 1 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 249 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2820 болып тіркелген, 2015 жылдың 24 қарашасында «Ақ жол» газетінде жарияланған, 2015 жылдың 25 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).