Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов для прохождения аттестации на присвоение (подтверждение) квалификационных категорий педагогическим работникам и приравненным к ним лицам организаций образования, реализующих программы дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»

Қаулы · № 3/380 · қабылданған 12.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106060/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов для прохождения аттестации на присвоение (подтверждение) квалификационных категорий педагогическим работникам и приравненным к ним лицам организаций образования, реализующих программы дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 3/380 ·12.08.2016
28.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов для прохождения аттестации на присвоение (подтверждение) квалификационных категорий педагогическим работникам и приравненным к ним лицам организаций образования, реализующих программы дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/380 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов для прохождения аттестации на присвоение (подтверждение) квалификационных категорий педагогическим работникам и приравненным к ним лицам организаций образования, реализующих программы дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»
Атауы (қаз.)
«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/380
Қабылданған күні
12.08.2016
Көрсетілген редакция
28.12.2020 106060_503469.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16R0001308
ЭКБ идентификаторы
106060
Редакция идентификаторы
106060_503469
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:05

0 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту,

бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта,
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен
кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске
асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог
қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген
тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау)
үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге
құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекiту туралы» бұйрығын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қоса берiлiп отырған «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2

2. Алматы қаласы Білім басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, одан кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияласын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 12 тамыздағы № 3/380
қаулысымен бекітілді
«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы
орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2 2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау туралы еркін түрдегі қолхат, не Стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз жүзiнде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4 4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды беруі, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің қабылданған құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына беруі, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут;

3 3) көрсетiлетiн қызметтi берушi маманының мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн дайындауы, рәсiмнiң ұзақтығы – 3 жұмыс күні;

4 4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут.

6 6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;

2 2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін беруі;

3 3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің басшысына мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қойғызу;

4 4) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн алуы.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) ретін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды, рәсімнің ұзақтығы – 15 минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін береді, рәсімнің ұзақтығы – 15 минут;

3

3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойғызады және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді, рәсімнің ұзақтығы – 3 жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн көрсетілетін қызметті алушыға береді, рәсімнің ұзақтығы – 15 минут.

4 4. Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiнің, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнің сипаттамасы

9 9. Мемлекеттiк корпорацияға жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын өңдеудiң ұзақтығы:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi алушы электрондық кезек арқылы «кедергiсiз» қызмет көрсету жолымен операциялық залда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкеріне Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;

2 2) Мемлекеттiк корпорацияның қызметкері:

өтініштің дұрыс толтырылуын және құжаттар топтамасының толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 10 минут;
көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады, рәсiмнiң ұзақтығы - 2 минут;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпаратты және берілген құжаттар тізімін енгізеді, рәсiмнiң ұзақтығы - 3 минут;
құжаттар топтамасын дайындайды және Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөліміне көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік байланыс арқылы беру үшін жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;

3 3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдайды, Мемлекеттік корпорацияның курьеріне құжаттар топтамасының қабылданған күні көрсетілген қолхатты береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына ұсынады, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін береді, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;

5

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойғызады және Мемлекеттік корпорацияның курьеріне беру үшін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді, рәсімнің ұзақтығы – 3 жұмыс күні;

6 6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді, рәсімнің ұзақтығы – 15 минут.

10 10. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттiк корпорациясы арқылы алу процесiнiң сипаттамасы, оның ұзақтығы:

мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттiк корпорацияның құжаттарды беру бөлімінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырады, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.

11

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

0 Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта,
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын
iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға
теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды
аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы
Шартты белгілер
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң
құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

Қолданыстағы