Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Алматинской и Западно-Казахстанской областей

Бұйрық · № 282 · қабылданған 15.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106070/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Алматинской и Западно-Казахстанской областей Қолданыста Бұйрық ·№ 282 ·15.03.2022
15.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Алматинской и Западно-Казахстанской областей

Қолданыста Бұйрық ·№ 282 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Алматинской и Западно-Казахстанской областей
Атауы (қаз.)
Алматы және Батыс Қазақстан облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
282
Қабылданған күні
15.03.2022
Көрсетілген редакция
15.03.2022 106070_659673.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027173
ЭКБ идентификаторы
106070
Редакция идентификаторы
106070_659673
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:08

0 Алматы және Батыс Қазақстан облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Алматы және Батыс Қазақстан облыстары жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2022 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемдері:

Алматы облысы – 12 088 361 000 (он екі миллиард сексен сегіз миллион үш жүз алпыс бір мың) теңгеден артық емес;
Батыс Қазақстан облысы – 5 667 952 000 (бес миллиард алты жүз алпыс жеті миллион тоғыз жүз елу екі мың) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы