Құжат мәтініне өту

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам «Строительство нитки «С» газопровода «Казахстан – Китай», «Строительство линейной части газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент», «Строительство второй и третьей очереди Жанажольского газоперерабатывающего завода» и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам «Строительство нитки «С» газопровода «Казахстан – Китай», «Строительство линейной части газопрово

Қаулы · № 183 · қабылданған 02.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106075/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам «Строительство нитки «С» газопровода «Казахстан – Китай», «Строительство линейной части газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент», «Строительство второй и третьей очереди Жанажольского газоперерабатывающего завода» и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам «Строительство нитки «С» газопровода «Казахстан – Китай», «Строительство линейной части газопрово Қолданыста Қаулы ·№ 183 ·02.04.2015
29.02.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам «Строительство нитки «С» газопровода «Казахстан – Китай», «Строительство линейной части газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент», «Строительство второй и третьей очереди Жанажольского газоперерабатывающего завода» и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам «Строительство нитки «С» газопровода «Казахстан – Китай», «Строительство линейной части газопрово

Қолданыста Қаулы ·№ 183 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам «Строительство нитки «С» газопровода «Казахстан – Китай», «Строительство линейной части газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент», «Строительство второй и третьей очереди Жанажольского газоперерабатывающего завода» и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам «Строительство нитки «С» газопровода «Казахстан – Китай», «Строительство линейной части газопрово
Атауы (қаз.)
«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу, «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
183
Қабылданған күні
02.04.2015
Көрсетілген редакция
29.02.2016 106075_110319.kaz
Соңғы өзгеріс
29.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000183
ЭКБ идентификаторы
106075
Редакция идентификаторы
106075_110319
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:38

0

«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу және «Қазақстан-Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттарын бекіту туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу, «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгіленсін.

1-1 1-1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

2 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

3 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы) бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 183 қаулысына
қосымша
«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар
Р/с

Жобаның атауы
Өтініш беруші
Іске асыру орны
Іске асыру мерзімі
Жыл
Квота (адам)
1
2
3
4
5
6
7
1
«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу
«Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Алматы қ., Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары
2012 – 2016 жылдар
2015
1817
2016
1078
1
2
3
4
5
6
7
2
«Бейнеу – Бозой –Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу»
«Бейнеу – Шымкент газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Алматы қ., Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары
2012 – 2016
жылдар
2015
982
2016
781
3
«Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу»
«СНПС –Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы
Ақтөбе облысы
2012 – 2016 жылдар
2015
824
2016
574

8 «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын
іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар
беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:

1

1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) бұрын өзі жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілгені жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).

2 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:

1

1) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – «Азия газ құбыры» ЖШС) бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға тиіс;

2

2) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-дегі екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға тиіс;

3

3) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-дегі үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс;

4

4) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-дегі төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 100 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 90 %-ынан кем болмауға тиіс.

3 3. Шетелдік жұмыскерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.

4

4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарда реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

21 «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен
бекітілген
«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының
желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:

1

1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) бұрын өзі жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілгені жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).

2 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:

1

1) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС) бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс;

2

2) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-дегі екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 60 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауға тиіс;

3

3) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-дегі үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс;

4

4) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-дегі төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 100 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 90 %-ынан кем болмауға тиіс.

3 3. Шетелдік жұмыскерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.

4

4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарда реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

34 «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен
бекітілген
«Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші
кезегін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:

1

1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) бұрын өзі жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілгені жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).

2 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:

1 1) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауға тиіс;

2 2) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 65 %-ынан кем болмауға тиіс;

3 3) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс;

4 4) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 82 %-ынан кем болмауға тиіс.

Қолданыстағы