О переименовании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский центр ускоренного обучения государственному языку" Комитета по языкам Министерства культуры и информации Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский центр ускоренного обучения государственному языку" Комитета по языкам Министерства культуры и информации Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің "Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 14.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI106080_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000012_
- ЭКБ идентификаторы
- 106080
- Редакция идентификаторы
- AI106080_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:15
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің "Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің "Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 6, 53-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" деген сөздер "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;