Об утверждении перечня отдельных видов товаров, производимых отечественными товаропроизводителями и приобретаемых у них
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня отдельных видов товаров, производимых отечественными товаропроизводителями и приобретаемых у них
- Атауы (қаз.)
- Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1363
- Қабылданған күні
- 19.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI106096_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001363
- ЭКБ идентификаторы
- 106096
- Редакция идентификаторы
- AI106096_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:32
0 Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысымен
бекітілген
Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі
1 1. Азық-түлік емес тауарлар:
1 1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
2 2) трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;
3 3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;
4 4) аяқ киім;
5 5) аяқ киімге арналған крем;
6 6) тұрмыстық, мектеп және кеңсе жиһазы;
7 7) құрылыс материалдары:
түсқағаз қағазы (түсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;
едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;
кесілген ағаш материалдары;
ағаш бұйымдары;
шыны пакеттер;
санфаянс;
пенопластикалық тақталар;
пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтары);
табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар, құм-шағылтас қоспасы);
полиэтилен құбырлар;
жылу сақтайтын материалдар;
еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
шегелер;
қыш тақтайша және тақталар;
қыш, силикат әрлеу кірпіштері;
қыш, силикат, күл-қыш кірпіш;
табиғи, кварц құмы;
шыны блоктар;
полиэтилен, шыны пластикалық, пластмасса, бетон, болат құбырлар;
лак-бояу материалдары;
керамогранит;
жоғары сапалы сүректен жасалған терезелер мен есіктер;
құрғақ құрылыс қоспалары;
металдан жасалған санитариялық-техникалық бұйымдар мен материалдар;
жылу радиаторлары;
жабын және су оқшаулағыш материалдар;
құрылыс битумы;
гипсокартон;
ұтқыр ғимараттар;
жоңқалы сүрек, талшықты сүрек, цементті-жоңқалы тақталар;
сэндвич-панельдер;
темір-бетон және бетон бұйымдары мен конструкциялары;
арматураланбаған бетоннан жасалған бұйымдар;
ұяшықты бетоннан және пенобетоннан жасалған қабырға блоктары, термоблоктар;
асбест;
төсемтас;
әк;
әк тас;
құрылыс керамзиті;
полиэтилен парақтар;
минералды-мақта, тігілген маттар;
құрылысқа арналған құрастырмалы металл конструкциялары;
терезелер;
полиэтилен;
ламинатталған iргебастырғы;
цемент;
швеллер;
су эмульсиялы бояу, өзгелері;
газды блоктарға, гипсокартонға, плиткаға арналған және басқа желім;
жапсарларға арналған бітеуіш;
қалау қоспасы;
сылақ;
керамзит блоктар, жабыңқыш және күйдірілген балшықтан жасалған басқа өнімдер;
полиэтиленнен жасалған шаруашылық-ауыз су мақсатындағы қысымды құбырлар және пластиктелмеген поливинилхлоридтен жасалған құбырлар;
полиэтиленнен жасалған фитингтер;
полимерлі-құмды люк;
анкер;
көбікті полиуретаннан жасалған жылу оқшаулағыш болат құбырлар, сондай-ақ қорғайтын қабығы бар көбікті полиуретаннан жасалған, қалыпқа келтірілген жылу оқшаулағыш болат өнімдер;
8 8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар, металл өнімі;
9 9) байланыс құралдары, кәбіл және шығыс материалдары;
10 10) жууға арналған құралдар;
11 11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар, гофраланған қағаз;
12 12) музыкалық аспаптар;
13 13) медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар;
14 14) суғару жүйелері:
су тұщыту жабдықтары;
тамшылатып суғару жүйелері;
суландыру, оның ішінде тамшылатын суғару жүйелері және оған арналған басқа шығыс материалдары;
15 15) дәрілік заттар;
16 16) жер бетіндегі органикалық заттар:
каустикалық сода;
техникалық мақсаттар үшiн қайнатылған тұз;
кальций карбиді;
каустик (күйдіргіш натр);
техникалық күкiрт қышқылы;
биоэтанол (этил спирті);
17 17) ұйымдастыру техникасы, қосалқы бөлшектер және оларға бағдарламалық қамтамасыз ету;
18 18) қой терісінен жасалған бұйымдар;
19 19) қаракөл, қаракөл терісінен жасалған бұйымдар;
20 20) киізден жасалған бұйымдар;
21 21) шыныдан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
22 22) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар, орауыш материалдар, оның ішінде полипропилен қаптар және басқалары;
23 23) қолөнершілер бұйымдары;
24 24) бау-бақша, бақша құралдары;
25 25) былғарыдан жасалған бұйымдар;
26 26) спорт тауарлары;
27 27) дайын тоқыма бұйымдары;
28 28) өрт сөндіргіштер және өрт сөндіру құралдары;
29 29) қазандықтар немесе бу өндіретін қазандықтар және олардың элементтері;
30 30) кір жуатын орынға арналған кір жуғыш машиналар;
31 31) минералды тыңайтқыштар;
32 32) электр техникалық бұйымдар:
электр станциялары, бөлу қалқандары, басқа панельдер және электр тізбектерін ажыратуға, ауыстыруға немесе қорғауға арналған жабдықталған аппаратура;
жабдықтар, электр беру және реттеу аппаратурасы, ток датчиктері;
энергетикалық кешенге арналаған жабдықтар және қосалқы бөлшектер;
түйістіргіштер;
лампалар;
шырақтар;
жарық диодты тауарлар;
фотоэлектр модульдері (күн батареялары);
33 33) автокөлік құралдары:
жеңіл автомобильдер;
жүк автомобильдері;
жолаушылар автобустары;
34 34) өлшеу құралдары:
электр есептеуіштер;
суық және ыстық су есептеуіштері;
жылу есептеуіштері;
35 35) кәбілдік-өткізгіш өнімдер;
36 36) жылжымалы өрт сөндіру техникасы және арнайы өрт сөндіру автомобильдері;
37 37) жылу сорғы қондырғылары;
38 38) су себетін-жуатын машиналар;
39 39) вакуумды машиналар;
40 40) қоқыс тасығыштар;
41 41) доңғалақты тракторлар;
42 42) трансформаторлар, қосалқы станциялар;
43 43) мамандандырылған автомобильдер:
өрт сөндіруге арналған автоцистерналар;
түтік құбырлы автомобиль;
сорғы-түтік құбырлы автомобиль;
авариялық-құтқару автомобилі;
шұғыл ден қою автомобилі;
байланыс және жарықтандыру автомобилі;
кіші орман патрульдiк өрт кешенi;
өрт-сорғы станциясы;
штаб автомобилі;
құрамалы су себетін-жуатын машина;
арнайы мақсаттағы техника;
шепті жүк тиегіштер;
автогрейдерлар;
жүк тиегіш-экскаваторлар;
шынжыр табанды экскаваторлар;
өздігінен жүретін жол катоктары;
бульдозерлер;
44 44) іштен жанатын карбюраторлы, дизельді немесе жартылай дизельді қозғалтқыштары бар жаңа жүк автомобильдері;
автоотын құйғыштар;
мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автоцистерналар;
ауыз су тасуға арналған автоцистерналар;
технологиялық сұйықтықтар тасуға арналған автоцистерналар;
45 45) автомобильді тіркемелер және жартылай тіркемелер:
тіркемелер;
жартылай тіркемелер;
тіркеме-цистерналар;
жартылай тіркеме-цистерналар;
46 46) автомобильдерге және (немесе) мамандандырылған техникаға арналған қосалқы бөлшектер;
47 47) астық жинайтын және сүрлем жинайтын комбайндар, тұқымсепкіштер, егін оратын машиналар;
48 48) автомобильге арналған бүйірлік, алдыңғы шынылар, өзгелері;
49 49) тежегіш, отын, май сүзгілері, өзгелері;
50 50) су сүзгілері;
51 51) басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы жабдықтар:
пеногенератор;
билоұстағыш;
домкраттар;
52 52) сорғылар және өзге де компрессорлар, оның жинақтауыштары;
53 53) бункер;
54 54) электр бу қазандықтары;
55 55) газ өткізгіштер;
56 56) құбырлардың бөлшектері;
57 57) ванналар;
58 58) жылу-түтін камералық кешені;
59 59) электр беру және реттеу аппаратурасы:
автоматтар блоктары;
автоматты ажыратқыштар;
автоматтар, ілмектер және басқа тіркесу құрылғылары, буферлер және өзгелер;
60 60) төмен қысымдағы жылытқыштар;
61 61) өзге клапандар;
62 62) тиектер, шұралар, шар тәрізді крандар;
63 63) құралдар, құралдардың корпустары, құралдардың тұтқалары, щеткалар мен сыпырғыштардың корпустары мен тұтқалары:
балғалар;
бұрауыштар;
зілбалғалар;
пышақтар;
қабық ойғышқа арналған қашау;
бұрғылар;
перфораторлар;
балталар;
гидравликалық және пневматикалық спайдер;
гидравликалық ротор;
сорғы-компрессор құбырларына арналған айналма, шынжырлы және штангалық кілттер;
64 64) құрама кілттер (гайкаланатын);
65 65) ыстықтай соғылған орама болат;
66 66) болат табақ;
67 67) дөңгелектер (ұсақтайтын өзектер);
68 68) шаршы илем;
69 69) металл шарлар, болаттан жасалған ұнтақтағыш;
70 70) болат сынықтары және қалдықтар;
71 71) әртүрлі профильдегі металл илемі;
72 72) метиздер;
73 73) арқандар;
74 74) электродтар;
75 75) алюминий дәнекерлеу сымы және сымнан жасалған бұйымдар;
76 76) тұрмыстық техника:
кір жуу машиналары;
тоңазытқыштар;
теледидарлар;
77 77) компьютерлер және перифериялы жабдықтар;
78 78) тоңазытқыш және желдеткіш жабдықтар;
79 79) күзет сигнализациясы, сигнализация блогы;
80 80) жарылғыш заттар:
81 81) тұтанатын бау;
82 82) мүсәтірлі, натрийлі селитра, сұйық аммиак;
83 83) майлар (трансформаторлық, гидравликалық, компрессорлық, моторлық);
84 84) мұз қатуға қарсы құралдар;
85 85) өзге де пластик бұйымдар;
86 86) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жиһаздық-сәнді бұйымдар;
87 87) басып шығаруға және көшіруге арналған қағаз, кеңсе қағазы;
88 88) жапқыштарды, драптан тігілген маталарды және т.б. дайындауға арналған маталар мен иірілген жіптер жиынтығы;
89 89) ескі-құсқы кесек шүберек;
90 90) техникалық мата;
91 91) орамалдық мата;
92 92) парашюттер (дирижабльдерге арналған парашюттер) және айналмалы парашюттер (ротошюттер), олардың бөлшектері;
93 93) химиялық талшықтардан жасалған киіз, муллитокремнеземді киіз;
94 94) мақта-матадан жасалған қолғаптар, оның ішінде ПВХ жабындысымен;
95 95) жеке қорғаныс құралдары;
96 96) жөргек;
97 97) отқа төзімді бұйымдар:
шамот шарашы;
98 98) тас және белсендi көмiр;
99 99) гранит, мәрмәр;
100 100) темiр бетонды тiректер;
101 101) бойлай кесілген, сүргіленген немесе сіңірілген ағаш материалдар:
сіңірілген аудармалы бөренелер;
дөңгелек ағаш;
ағаш талшықты плиталар;
102 102) транспарентті ленталар;
103 103) сыналы, сыналы жетек қайыстары;
104 104) полиэтиленнен жасалған бұйымдар;
105 105) теміржол шығыс материалдары және оның жинақтауыштары:
теміржол саласына арналған жапсырмалар;
рельстер, швеллерлер, арқалықтар, бұрыштар;
теміржол немесе трамвай, жүк таситын өзі жүрмейтін вагондар және олардың қосалқы бөлшектері;
теміржол жылжымалы құрамына арналған буксты мойынтіректер;
106 106) тығыздау материалдары:
асбошнурлар;
толтырылған тығыздамалар;
107 107) полимерлі-композитті материалдардан жасалған сутартқыш, кәріздендіру, газ құбыры желілеріне арналған люктар және қарап тексеру құдықтары;
108 108) бағдаршамдар;
109 109) лифттер және көтергіш жабдықтар;
110 110) жәдігерлік ұлттық өнімдер;
111 111) санитариялық-гигиеналық өнімдер:
майлықтар;
дәретхана қағазы;
қағаз сүлгілер;
112 112) бұрғы өнімдері:
автобұрғы қондырғылары;
аппаратура және олардың қосалқы бөлшектері;
бұрғылау, өздігінен жүретін тесу машиналары және олардың бөлшектері;
ПУР-патрондар;