Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня отдельных видов товаров, производимых отечественными товаропроизводителями и приобретаемых у них

Қаулы · № 1363 · қабылданған 19.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106096/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении перечня отдельных видов товаров, производимых отечественными товаропроизводителями и приобретаемых у них Күшін жойған Қаулы ·№ 1363 ·19.12.2014
31.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня отдельных видов товаров, производимых отечественными товаропроизводителями и приобретаемых у них

Күшін жойған Қаулы ·№ 1363 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня отдельных видов товаров, производимых отечественными товаропроизводителями и приобретаемых у них
Атауы (қаз.)
Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1363
Қабылданған күні
19.12.2014
Көрсетілген редакция
31.12.2015 AI106096_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001363
ЭКБ идентификаторы
106096
Редакция идентификаторы
AI106096_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:32

0 Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысымен
бекітілген
Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі

1 1. Азық-түлік емес тауарлар:

1 1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;

2 2) трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;

3 3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;

4 4) аяқ киім;

5 5) аяқ киімге арналған крем;

6 6) тұрмыстық, мектеп және кеңсе жиһазы;

7 7) құрылыс материалдары:

түсқағаз қағазы (түсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;
едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;
кесілген ағаш материалдары;
ағаш бұйымдары;
шыны пакеттер;
санфаянс;
пенопластикалық тақталар;
пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтары);
табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар, құм-шағылтас қоспасы);
полиэтилен құбырлар;
жылу сақтайтын материалдар;
еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
шегелер;
қыш тақтайша және тақталар;
қыш, силикат әрлеу кірпіштері;
қыш, силикат, күл-қыш кірпіш;
табиғи, кварц құмы;
шыны блоктар;
полиэтилен, шыны пластикалық, пластмасса, бетон, болат құбырлар;
лак-бояу материалдары;
керамогранит;
жоғары сапалы сүректен жасалған терезелер мен есіктер;
құрғақ құрылыс қоспалары;
металдан жасалған санитариялық-техникалық бұйымдар мен материалдар;
жылу радиаторлары;
жабын және су оқшаулағыш материалдар;
құрылыс битумы;
гипсокартон;
ұтқыр ғимараттар;
жоңқалы сүрек, талшықты сүрек, цементті-жоңқалы тақталар;
сэндвич-панельдер;
темір-бетон және бетон бұйымдары мен конструкциялары;
арматураланбаған бетоннан жасалған бұйымдар;
ұяшықты бетоннан және пенобетоннан жасалған қабырға блоктары, термоблоктар;
асбест;
төсемтас;
әк;
әк тас;
құрылыс керамзиті;
полиэтилен парақтар;
минералды-мақта, тігілген маттар;
құрылысқа арналған құрастырмалы металл конструкциялары;
терезелер;
полиэтилен;
ламинатталған iргебастырғы;
цемент;
швеллер;
су эмульсиялы бояу, өзгелері;
газды блоктарға, гипсокартонға, плиткаға арналған және басқа желім;
жапсарларға арналған бітеуіш;
қалау қоспасы;
сылақ;
керамзит блоктар, жабыңқыш және күйдірілген балшықтан жасалған басқа өнімдер;
полиэтиленнен жасалған шаруашылық-ауыз су мақсатындағы қысымды құбырлар және пластиктелмеген поливинилхлоридтен жасалған құбырлар;
полиэтиленнен жасалған фитингтер;
полимерлі-құмды люк;
анкер;
көбікті полиуретаннан жасалған жылу оқшаулағыш болат құбырлар, сондай-ақ қорғайтын қабығы бар көбікті полиуретаннан жасалған, қалыпқа келтірілген жылу оқшаулағыш болат өнімдер;

8 8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар, металл өнімі;

9 9) байланыс құралдары, кәбіл және шығыс материалдары;

10 10) жууға арналған құралдар;

11 11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар, гофраланған қағаз;

12 12) музыкалық аспаптар;

13 13) медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар;

14 14) суғару жүйелері:

су тұщыту жабдықтары;
тамшылатып суғару жүйелері;
суландыру, оның ішінде тамшылатын суғару жүйелері және оған арналған басқа шығыс материалдары;

15 15) дәрілік заттар;

16 16) жер бетіндегі органикалық заттар:

каустикалық сода;
техникалық мақсаттар үшiн қайнатылған тұз;
кальций карбиді;
каустик (күйдіргіш натр);
техникалық күкiрт қышқылы;
биоэтанол (этил спирті);

17 17) ұйымдастыру техникасы, қосалқы бөлшектер және оларға бағдарламалық қамтамасыз ету;

18 18) қой терісінен жасалған бұйымдар;

19 19) қаракөл, қаракөл терісінен жасалған бұйымдар;

20 20) киізден жасалған бұйымдар;

21 21) шыныдан жасалған тұрмыстық бұйымдар;

22 22) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар, орауыш материалдар, оның ішінде полипропилен қаптар және басқалары;

23 23) қолөнершілер бұйымдары;

24 24) бау-бақша, бақша құралдары;

25 25) былғарыдан жасалған бұйымдар;

26 26) спорт тауарлары;

27 27) дайын тоқыма бұйымдары;

28 28) өрт сөндіргіштер және өрт сөндіру құралдары;

29 29) қазандықтар немесе бу өндіретін қазандықтар және олардың элементтері;

30 30) кір жуатын орынға арналған кір жуғыш машиналар;

31 31) минералды тыңайтқыштар;

32 32) электр техникалық бұйымдар:

электр станциялары, бөлу қалқандары, басқа панельдер және электр тізбектерін ажыратуға, ауыстыруға немесе қорғауға арналған жабдықталған аппаратура;
жабдықтар, электр беру және реттеу аппаратурасы, ток датчиктері;
энергетикалық кешенге арналаған жабдықтар және қосалқы бөлшектер;
түйістіргіштер;
лампалар;
шырақтар;
жарық диодты тауарлар;
фотоэлектр модульдері (күн батареялары);

33 33) автокөлік құралдары:

жеңіл автомобильдер;
жүк автомобильдері;
жолаушылар автобустары;

34 34) өлшеу құралдары:

электр есептеуіштер;
суық және ыстық су есептеуіштері;
жылу есептеуіштері;

35 35) кәбілдік-өткізгіш өнімдер;

36 36) жылжымалы өрт сөндіру техникасы және арнайы өрт сөндіру автомобильдері;

37 37) жылу сорғы қондырғылары;

38 38) су себетін-жуатын машиналар;

39 39) вакуумды машиналар;

40 40) қоқыс тасығыштар;

41 41) доңғалақты тракторлар;

42 42) трансформаторлар, қосалқы станциялар;

43 43) мамандандырылған автомобильдер:

өрт сөндіруге арналған автоцистерналар;
түтік құбырлы автомобиль;
сорғы-түтік құбырлы автомобиль;
авариялық-құтқару автомобилі;
шұғыл ден қою автомобилі;
байланыс және жарықтандыру автомобилі;
кіші орман патрульдiк өрт кешенi;
өрт-сорғы станциясы;
штаб автомобилі;
құрамалы су себетін-жуатын машина;
арнайы мақсаттағы техника;
шепті жүк тиегіштер;
автогрейдерлар;
жүк тиегіш-экскаваторлар;
шынжыр табанды экскаваторлар;
өздігінен жүретін жол катоктары;
бульдозерлер;

44 44) іштен жанатын карбюраторлы, дизельді немесе жартылай дизельді қозғалтқыштары бар жаңа жүк автомобильдері;

автоотын құйғыштар;
мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автоцистерналар;
ауыз су тасуға арналған автоцистерналар;
технологиялық сұйықтықтар тасуға арналған автоцистерналар;

45 45) автомобильді тіркемелер және жартылай тіркемелер:

тіркемелер;
жартылай тіркемелер;
тіркеме-цистерналар;
жартылай тіркеме-цистерналар;

46 46) автомобильдерге және (немесе) мамандандырылған техникаға арналған қосалқы бөлшектер;

47 47) астық жинайтын және сүрлем жинайтын комбайндар, тұқымсепкіштер, егін оратын машиналар;

48 48) автомобильге арналған бүйірлік, алдыңғы шынылар, өзгелері;

49 49) тежегіш, отын, май сүзгілері, өзгелері;

50 50) су сүзгілері;

51 51) басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы жабдықтар:

пеногенератор;
билоұстағыш;
домкраттар;

52 52) сорғылар және өзге де компрессорлар, оның жинақтауыштары;

53 53) бункер;

54 54) электр бу қазандықтары;

55 55) газ өткізгіштер;

56 56) құбырлардың бөлшектері;

57 57) ванналар;

58 58) жылу-түтін камералық кешені;

59 59) электр беру және реттеу аппаратурасы:

автоматтар блоктары;
автоматты ажыратқыштар;
автоматтар, ілмектер және басқа тіркесу құрылғылары, буферлер және өзгелер;

60 60) төмен қысымдағы жылытқыштар;

61 61) өзге клапандар;

62 62) тиектер, шұралар, шар тәрізді крандар;

63 63) құралдар, құралдардың корпустары, құралдардың тұтқалары, щеткалар мен сыпырғыштардың корпустары мен тұтқалары:

балғалар;
бұрауыштар;
зілбалғалар;
пышақтар;
қабық ойғышқа арналған қашау;
бұрғылар;
перфораторлар;
балталар;
гидравликалық және пневматикалық спайдер;
гидравликалық ротор;
сорғы-компрессор құбырларына арналған айналма, шынжырлы және штангалық кілттер;

64 64) құрама кілттер (гайкаланатын);

65 65) ыстықтай соғылған орама болат;

66 66) болат табақ;

67 67) дөңгелектер (ұсақтайтын өзектер);

68 68) шаршы илем;

69 69) металл шарлар, болаттан жасалған ұнтақтағыш;

70 70) болат сынықтары және қалдықтар;

71 71) әртүрлі профильдегі металл илемі;

72 72) метиздер;

73 73) арқандар;

74 74) электродтар;

75 75) алюминий дәнекерлеу сымы және сымнан жасалған бұйымдар;

76 76) тұрмыстық техника:

кір жуу машиналары;
тоңазытқыштар;
теледидарлар;

77 77) компьютерлер және перифериялы жабдықтар;

78 78) тоңазытқыш және желдеткіш жабдықтар;

79 79) күзет сигнализациясы, сигнализация блогы;

80 80) жарылғыш заттар:

81 81) тұтанатын бау;

82 82) мүсәтірлі, натрийлі селитра, сұйық аммиак;

83 83) майлар (трансформаторлық, гидравликалық, компрессорлық, моторлық);

84 84) мұз қатуға қарсы құралдар;

85 85) өзге де пластик бұйымдар;

86 86) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жиһаздық-сәнді бұйымдар;

87 87) басып шығаруға және көшіруге арналған қағаз, кеңсе қағазы;

88 88) жапқыштарды, драптан тігілген маталарды және т.б. дайындауға арналған маталар мен иірілген жіптер жиынтығы;

89 89) ескі-құсқы кесек шүберек;

90 90) техникалық мата;

91 91) орамалдық мата;

92 92) парашюттер (дирижабльдерге арналған парашюттер) және айналмалы парашюттер (ротошюттер), олардың бөлшектері;

93 93) химиялық талшықтардан жасалған киіз, муллитокремнеземді киіз;

94 94) мақта-матадан жасалған қолғаптар, оның ішінде ПВХ жабындысымен;

95 95) жеке қорғаныс құралдары;

96 96) жөргек;

97 97) отқа төзімді бұйымдар:

шамот шарашы;

98 98) тас және белсендi көмiр;

99 99) гранит, мәрмәр;

100 100) темiр бетонды тiректер;

101 101) бойлай кесілген, сүргіленген немесе сіңірілген ағаш материалдар:

сіңірілген аудармалы бөренелер;
дөңгелек ағаш;
ағаш талшықты плиталар;

102 102) транспарентті ленталар;

103 103) сыналы, сыналы жетек қайыстары;

104 104) полиэтиленнен жасалған бұйымдар;

105 105) теміржол шығыс материалдары және оның жинақтауыштары:

теміржол саласына арналған жапсырмалар;
рельстер, швеллерлер, арқалықтар, бұрыштар;
теміржол немесе трамвай, жүк таситын өзі жүрмейтін вагондар және олардың қосалқы бөлшектері;
теміржол жылжымалы құрамына арналған буксты мойынтіректер;

106 106) тығыздау материалдары:

асбошнурлар;
толтырылған тығыздамалар;

107 107) полимерлі-композитті материалдардан жасалған сутартқыш, кәріздендіру, газ құбыры желілеріне арналған люктар және қарап тексеру құдықтары;

108 108) бағдаршамдар;

109 109) лифттер және көтергіш жабдықтар;

110 110) жәдігерлік ұлттық өнімдер;

111 111) санитариялық-гигиеналық өнімдер:

майлықтар;
дәретхана қағазы;
қағаз сүлгілер;

112 112) бұрғы өнімдері:

автобұрғы қондырғылары;
аппаратура және олардың қосалқы бөлшектері;
бұрғылау, өздігінен жүретін тесу машиналары және олардың бөлшектері;
ПУР-патрондар;

113 113) машиналар, өнеркәсіп және зертханалық жабдықтар;

114 114) арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары;

115 115) пневматикалық тежегіштер және оның бөлшектері;

116 116) жылу алмастырғыш;

117 117) әртүрлі фракциялардың мұнай өнімдері, оның ішінде отын ретінде пайдаланылатын (бензин, газойлдер, жермай, авиациялық отын, дизельді отын, пеш отыны);

118 118) қауіпсіздіктің кешенді локомотив құрылғысы;

119 119) жалға берілетін стандар;

120 120) тікұшақтар;

121 121) аккумуляторлар;

122 122) мұнай-газ сепараторлары;

123 123) пропан мен бутанның сұйытылған газына арналған сыйымдылықтар;

124 124) сұйық селдір сүзгіштер;

125 125) сыйымдылық жабдықтар;

126 126) төмен қысымды жылытқыштар;

127 127) кемелер, катерлер;

128 128) тербелме-станок;

129 129) редукторлар;

130 130) стандардың роликтері;

131 131) коррозияға қарсы жабындар;

132 132) оқшаулағыш материалдар;

133 133) ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары;

134 134) матрацтар;

135 135) газ сепараторлары.

2 2. Азық-түлік тауарлары:

1 1) қырыққабат;

2 2) қарбыз;

3 3) басқа да бақша дақылдары;

4 4) қияр және корнишондар;

5 5) баялды;

6 6) қызанақ;

7 7) сәбіз және жемдік шалқан;

8 8) сарымсақ;

9 9) пияз;

10 10) картоп;

11 11) құрамында крахмал немесе инулин көп басқа да асханалық тамыр жемістілер мен түйнектер;

12 12) асханалық жүзім;

13 13) басқа сұрыпты жүзім;

14 14) алма;

15 15) алмұрт;

16 16) өрік;

17 17) шие;

18 18) шабдалы;

19 19) алхоры;

20 20) жаңа жиналған қабықты тауық жұмыртқасы;

21 21) жас немесе тоңазытылған сиыр және бұзау еті;

22 22) жас немесе тоңазытылған шошқа еті;

23 23) жас немесе тоңазытылған қой еті;

24 24) жас немесе тоңазытылған ешкі еті;

25 25) жас немесе тоңазытылған жылқы еті және жылқы тұқымдас жануарлар еті;

26 26) жас немесе тоңазытылған ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тұқымдас жануарлардың тағамдық субөнімдері;

27 27) мұздатылған сиыр еті және бұзау еті;

28 28) мұздатылған шошқа еті;

29 29) мұздатылған қой еті;

30 30) мұздатылған ешкі еті;

31 31) мұздатылған жылқы еті және жылқы тұқымдас жануарлар еті;

32 32) жас, тоңазытылған немесе мұздатылған ет және басқа да тағамдық субөнімдер;

33 33) үй құсының жас немесе тоңазытылған еті;

34 34) үй құсының мұздатылған еті;

35 35) үй құсының тағамдық субөнімдері;

36 36) туралған, тұздалған, кептірілген немесе ысталған шошқа еті (бекон және ветчина);

37 37) тұздалған, кептірілген немесе ысталған сиыр еті және бұзау еті

38 38) еттен, ет субөнімдерінен немесе малдың қанынан жасалған шұжық және соған ұқсас өнімдер;

39 39) еттен және ет субөнімдерінен жасалған дайын жартылай фабрикаттардан басқа, өзге де еттен, ет субөнімдерінен немесе малдың қанынан жасалған дайын және консервіленген өнімдер;

40 40) қызанақ шырыны;

41 41) апельсин шырыны;

42 42) грейпфрут шырыны;

43 43) ананас шырыны;

44 44) жүзім шырыны;

45 45) алма шырыны;

46 46) жеміс және көкөніс шырындарының қоспасы;

47 47) басқа да жеміс және көкөніс шырындары;

48 48) көкөністер (картоптан басқа) және саңырауқұлақтар (шикі, суда немесе буда пісірілген), мұздатылған;

49 49) қысқа мерзімді сақтау үшін консервіленген көкөністер және саңырауқұлақтар;

50 50) кептірілген көкөністер және саңырауқұлақтар;

51 51) туралған және буып-түйілген көкөністер және саңырауқұлақтар;

52 52) дайын көкөніс тағамдарынан басқа, сірке суын немесе сірке қышқылын қолданбастан консервіленген басқа да көкөністер (картоптан басқа);

53 53) сірке суын немесе сірке қышқылын қолдана отырып консервіленген көкөністер (картоптан басқа), жемістер, жаңғақтар және өсімдіктердің жеуге жарамды басқа да бөліктері;

54 54) жаңа жиналған, суда немесе буда пісірілген жемістер және жаңғақтар, мұздатылған;

55 55) жемістен жасалған джемдер, желе, жемістен немесе жаңғақтан жасалған пюре немесе пасталар;

56 56) басқа да дайын немесе консервіленген жемістер;

57 57) көкөніс шикізаты және көкөніс қалдықтары, көкөніс қалдықтары және қосалқы өнімдер;

58 58) тазартылмаған соя майы;

59 59) тазартылмаған күнбағыс майы;

60 60) тазартылмаған мақта майы;

61 61) тазартылмаған рапс, қышабас, қыша майы;

62 62) тазартылмаған басқа да өсімдік майлары;

63 63) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген күнбағыс майы және оның фракциялары;

64 64) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген мақта майы және оның фракциялары;

65 65) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген рапс, қышабас, қыша майы және олардың фракциялары;

66 66) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген араластырылған өсімдік майы және басқа да өсімдік майлары (жүгері майынан басқа) және олардың фракциялары;

67 67) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген басқа да май және оның фракциялары;

68 68) гидрогенделген және эстерификацияланған, бірақ одан әрі өңделмеген жануар және өсімдік майы мен тоң май және олардың фракциялары;

69 69) маргарин және оған ұқсас өнімдер;

70 70) өңделген сұйық сүт;

71 71) майлылығы 6%-дан жоғары қоюлатылмаған немесе тәттілендірілмеген кілегей;

72 72) сары май;

73 73) сүзбе және ірімшік;

74 74) басқа да ферменттелген немесе ашытылған йогурт, сүт және кілегей;

75 75) басқа топтамаларға қосылмаған сүт өнімдері;

76 76) тазартылған күріш;

77 77) жартылай немесе толық ақталған немесе жарылған күріш;

78 78) ұсақ тартылған бидай немесе суржик ұны;

79 79) ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны;

80 80) бидай жармасы;

81 81) басқа топтамаларға қосылмаған дәнді дақылдардан жасалған жарма;

82 82) жаңа піскен нан;

83 83) торт және кондитер өнімдері; тәттілендіретін заттар қосылған басқа да нан-тоқаш өнімдері;

84 84) қытырлақ нандар, кептірілген нан, тостыларға арналған нан және соған ұқсас қытырлақ өнімдер;

85 85) коврижкалар, пряниктер және ұқсас өнімдер; тәтті печенье; вафли;

86 86) басқа да құрғақ нан-тоқаш немесе ұзақ уақыт сақтауға арналған өнімдер;

87 87) макарондар, кеспе және осыған ұқсас ұннан жасалған өнімдер;

88 88) құрамында тәттілендірілген какао-ұнтақтан басқа, какао бар, салмағы 2 кг асатын орамдағы шоколад және басқа да дайын тамақ өнімдері;

89 89) құрамында тәттілендірілген какао-ұнтақтан басқа, какао бар, кесекше, пластина немесе тақта тәріздес шоколад және басқа да дайын тамақ өнімдері;

90 90) құрамында какаосы жоқ, ақ шоколадты қоса алғанда, қанттан жасалған кондитерлік өнімдер;

91 91) қантталған, глазурьленген, шәрбат сіңірілген және кептірілген жеміс-жидектер, жемістер, жаңғақтар, жеміс қабықтары және өсімдіктердің басқа да бөліктері;

92 92) ас тұзы;

93 93) қамыстан немесе қызылшадан жасалған тазартылған қант және химиялық таза қатты күйдегі, хош иісті немесе бояу қоспалары жоқ сахароза;

94 94) қамыстан немесе қызылшадан жасалған тазартылған қант және хош иісті немесе бояу қоспалары бар үйеңкі қанты және үйеңкі шәрбәті;

95 95) еттен, ет субөнімдерінен немесе малдың қанынан жасалған дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар;

96 96) балықтан, шаян тәрізділерден, моллюскалардан жасалған дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар;

97 97) көкөністен жасалған дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар;

98 98) макарон өнімдеріне негізделген өнімдер және жартылай фабрикаттар;

99 99) басқа да дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар (мұздатылған пиццаны қоса алғанда);

100 100) ашытқылар (активті және активті емес), басқа да біржасушалы өлі микроағзалар;

101 101) наубайханалық дайын ұнтақтар;

102 102) тәттілендірілмеген және хош иістендірілмеген минералды және газдалған су;

103 103) басқа да алкогольсіз сусындар;

104 104) табиғи бал және оның негізінде жасалған өнімдер;

105 105) жаңа ауланған, мұздатылған және тоңазытылған балық;

106 106) бие, түйе сүті және оларды қайта өндеу өнімдері;

107 107) ауыл шаруашылығы малдары мен құстардың барлық түрлеріне арналған құрама жем;

108 108) жас, тоңазытылған, мұздатылған күрке тауық еті;

109 109) шай;

110 110) тұздықтар (майонез, кетчуп), дайын қыша.

Қолданыстағы