Об определении регионов для расселения кандасов и переселенцев
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении регионов для расселения кандасов и переселенцев
- Атауы (қаз.)
- Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 83
- Қабылданған күні
- 18.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2023 106097_654002.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000083
- ЭКБ идентификаторы
- 106097
- Редакция идентификаторы
- 106097_654002
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:27
0 Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 162-құжат);
2) «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 452-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 83 қаулысына
1-қосымша
Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер
1. Ақмола облысы.
2. Атырау облысы.
3. Шығыс Қазақстан облысы.
4. Батыс Қазақстан облысы.
5. Қостанай облысы.
6. Павлодар облысы.
7. Солтүстік Қазақстан облысы.
8. Абай облысы.
2 Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 83 қаулысына
2-қосымша
Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер
1. Шығыс Қазақстан облысы.
2. Қостанай облысы.
3. Павлодар облысы.
4. Солтүстік Қазақстан облысы.
5. Қарағанды облысы.
6. Ақмола облысы.
7. Абай облысы.
8. Ұлытау облысы.