Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня персональных данных физических лиц, включаемых в состав государственных электронных информационных ресурсов

Қаулы · № 117 · қабылданған 26.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106110/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении перечня персональных данных физических лиц, включаемых в состав государственных электронных информационных ресурсов Күшін жойған Қаулы ·№ 117 ·26.02.2016
18.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня персональных данных физических лиц, включаемых в состав государственных электронных информационных ресурсов

Күшін жойған Қаулы ·№ 117 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня персональных данных физических лиц, включаемых в состав государственных электронных информационных ресурсов
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
117
Қабылданған күні
26.02.2016
Көрсетілген редакция
18.10.2024 106110_725278.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000117
ЭКБ идентификаторы
106110
Редакция идентификаторы
106110_725278
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:17

0 Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. «Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 460 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 206-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 26 ақпандағы
№ 117 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі

р/c
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың
құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес
деректерінің атауы
1.
Тегі
2.
Аты
3.
Әкесінің аты
4.
Тегі мен атының транскрипциясы
5.
Тууы туралы мәліметтер:
туған күні;
туған жері.
6.
Ұлты
7.
Жынысы
8.
Отбасылық жағдайы
9.
Азаматтығы туралы мәліметтер:
азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні.
10.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
11.
Портреттік бейнесі (цифрлы фотосуреті)
12.
Қолы
13.
Заңды мекенжайы, заңды мекенжайын тіркеген (тіркеуден шығарған) күні
14.
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі;
құжатты берген күні;
құжаттың қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган.

Қолданыстағы