Об утверждении натуральных норм автомобильных и механических транспортных средств для обслуживания государственных учреждений - противочумных станций Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм автомобильных и механических транспортных средств для обслуживания государственных учреждений - противочумных станций Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет күрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1475
- Қабылданған күні
- 06.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2015 AI106115_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001475
- ЭКБ идентификаторы
- 106115
- Редакция идентификаторы
- AI106115_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:57
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет күрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мемлекеттік мекемелері — обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1475 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мемлекеттік мекемелері — обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары
Көлік құралының типі
Функционалдық мақсаты
Жұмыс істеп жатқан бір құралымға көлік құралының шекті саны
Станцияның/ бөлімшенің стационарлық зертханасы
Эпидемияға қарсы жасақ
Бір станцияға
1
2
3
4
5
1. Санитариялық жеңіл көлік (оның ішінде жоғары өтімді)
Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдіктену кезіндегі шұғыл шақыртулар және жұқпалы материалды жеткізу үшін
2
1
X
2. Жүк көлігі (оның ішінде жоғары өтімді)
Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға қарсы тексеру және шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін
2
1
X
3. Жолсыз жермен жүретін көлік базасындағы автобакзертхана
Шалғай және жету қиын аудандарды тексеру үшін
2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік
2-ден аспайтын
4. Су тасығыш
Далалық жұмыстар кезінде жылжымалы құралымдарға су жеткізу үшін
2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік
2-ден аспайтын
5. Өзіаударғыш
Қатты жанар майды, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін
2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік
2-ден аспайтын
6. Жанар-жағар май тасығыш, оның ішінде жолсыз жермен жүретін көлік базасында
Далалық жұмыстар кезінде жанар-жағар материалдарын жылжымалы құралымдарға жеткізу үшін
2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік
2-ден аспайтын
7. Шағын автобус
Дала жұмыстарына топтарды тасымалдау үшін
2-5 жылжымалы құралымға бір бірлік
2-ден аспайтын
8. Аспалы жабдықтары бар дөңгелекті трактор
Тиеу-түсіру жұмыстары үшін
1