Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня лиц, обслуживаемых в специально отведенных залах аэропортов Республики Казахстан

Қаулы · № 625 · қабылданған 03.06.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106131/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня лиц, обслуживаемых в специально отведенных залах аэропортов Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 625 ·03.06.2011
13.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня лиц, обслуживаемых в специально отведенных залах аэропортов Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 625 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня лиц, обслуживаемых в специально отведенных залах аэропортов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
625
Қабылданған күні
03.06.2011
Көрсетілген редакция
13.04.2024 106131_696398.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000625
ЭКБ идентификаторы
106131
Редакция идентификаторы
106131_696398
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:15

0 Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2011 жы­л­ғы 3 мау­сым­да­ғы
№ 625 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі

1 1. Президент

2 2. Премьер-Министр

3 3. Парламент Сенатының Төрағасы

4 4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы

5 5. Мемлекеттік кеңесші

6 6. Президент Әкімшілігінің Басшысы

7 7. Конституциялық Соттың Төрағасы

8 8. Жоғарғы Соттың Төрағасы

9 9. Ұлттық Банк төрағасы

10 10. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

11 11. Премьер-Министрдің орынбасарлары

11-1 11-1. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары

12 12. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

13 13. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары

14 14. Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы

15 15. Бас прокурор

16 16. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

17 17. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы

18 18. Сенат Төрағасының орынбасары

19 19. Мәжіліс Төрағасының орынбасары

20 20. Президенттің Іс басқарушысы

20-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі.

21 21. Президенттің көмекшілері

22 22. Президент Кеңсесінің басшысы

23 23. Президенттің кеңесшілері

24 24. Президентке бағынысты және есеп беретін агенттіктердің басшылары

25 25. Министрлер

26 26. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

26-1 26-1. «Алтын қыран» (Золотой Орел) орденінің және «Халық қаһарманы» (Народный герой), «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлері

27

28 28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

29 29. Астананың, Алматы қаласының және облыстардың әкімдері

30 30. Парламент Сенаты және Мәжілісі комитеттерінің төрағалары

31 31. Парламент депутаттары

32 32. Төтенше және Өкілетті Елшілер

33 33. Үкімет Аппаратының Басшысы

33-1. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы

34 34. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

35 35. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері

36 36. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі және Астана мен Алматы архиепископы

37 37. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

38 38. Ұлттық компаниялардың басшылары

39 39. Конституциялық Соттың судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары

40 40. Парламент палаталары, Конституциялық Сот аппараттарының басшылары

41 41. Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары

41-2. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары

42 42. Мемлекеттік орталық органдардың аппарат басшылары, министрлердің және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері

43 43. Қазақстандық саяси партиялардың жетекшілері

44 44. Қазақстан Республикасының Президенті отбасының мүшелері

45 45. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары

46

46. Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі, Парламенті Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, Мемлекеттік кеңесшісі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Парламенті Сенаты және Мәжілісі төрағаларының орынбасарлары, Сыртқы істер министрі және Үкіметінің өзге де мүшелері басшылық ететін Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері

47 47. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасына сапармен немесе жолай келетін делегацияларының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайтын басшылары мен мүшелері

48 48. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшылары

Ескертпе:* — қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісім бойынша, ал Астана және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісім бойынша жүргізіледі.

Қолданыстағы