Құжат мәтініне өту

Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Қаулы · № А-381 · қабылданған 12.08.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106179/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета Қолданыста Қаулы ·№ А-381 ·12.08.2016
12.08.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Қолданыста Қаулы ·№ А-381 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета
Атауы (қаз.)
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-381
Қабылданған күні
12.08.2016
Көрсетілген редакция
12.08.2016 106179_110225.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BD005520
ЭКБ идентификаторы
106179
Редакция идентификаторы
106179_110225
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:04

0 Аудандық бюджет шығыстарының

басым бағыттарының
тізбесін анықтау туралы
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығының 213-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Аршалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Т. Ыбыраевқа жүктелсін.

3 3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Аршалы ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 12 тамыздағы
№ А - 381
қаулысына қосымша
Аудандық бюджет шығыстарының
басым бағыттарының тізбесі

1 1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.

3 3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, стипендиялар.

4 4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.

5 5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.

6 6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.

7 7. Республикалық және облыстық бюджеттерден нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы дамытуға трансферттер, бюджеттік кредиттер.

Қолданыстағы