Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении сведений о расходах на медицину, произведенных физическим лицом на территории Республики Казахстан, и Правил ее составления

Бұйрық · № 416 · қабылданған 29.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106187/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении сведений о расходах на медицину, произведенных физическим лицом на территории Республики Казахстан, и Правил ее составления Күшін жойған Бұйрық ·№ 416 ·29.07.2016
01.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении сведений о расходах на медицину, произведенных физическим лицом на территории Республики Казахстан, и Правил ее составления

Күшін жойған Бұйрық ·№ 416 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении сведений о расходах на медицину, произведенных физическим лицом на территории Республики Казахстан, и Правил ее составления
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
416
Қабылданған күні
29.07.2016
Көрсетілген редакция
01.01.2021 106187_501416.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014209
ЭКБ идентификаторы
106187
Редакция идентификаторы
106187_501416
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:13

0 Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысаны;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

3

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
Министрінің міндетін атқарушы
А. Цой
2016 жылғы

1 Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысаны

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 416 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысаны
р/с №
Жеке тұлға бойынша мәлімет
Көрсетілген медициналық қызметтің атауы
Көрсетілген медициналық қызметтің соммасы
Көрсетілген медициналық қымзетті растайтын құжат
ЖСН
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Құжаттың атауы
Құжаттың күні
Құжаттың №
1
2
3
4
5
6
7
8

2 Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын толтыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 416 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын толтыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ереже

1

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жүмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 1- тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысаны толтыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мәлімет).

2 2. Мәліметтерді денсаулық сақтау субьектілері:

1 1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар - веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады;

2 2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар - хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынады.

3 3. Денсаулық сақтау субьектілері Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарын алған күннен бастап, отыз жұмыс күні ішінде береді.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын толтыру

4

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 156-9 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес нысанда Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растайтын мәліметтер көрсетіледі.

5 5. Мәлімет әрбір қарыз бөлігінде бөлек беріледі.

6 6. Мәлімет өзіне мынадай деректерді қамтиды:

1 1) 1-бағанда – жолдың рет нөмірі;

2 2) 2-бағанда – жеке тұлғаның жеке сәйкестердіру нөмірі;

3 3) 3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4 4) 4-бағанда – көрсетілген медициналық қызметтің атауы;

5 5) 5-бағанда – көрсетілген медициналық қызметтің сомасы;

6 6) 6-бағанда – көрсетілген медициналық қызметті растайтын құжаттың атауы;

7 7) 7- бағанда – көрсетілген медициналық қызметті растайтын құжаттың күні;

8 8) 8-бағанда – көрсетілген медициналық қызметті растайтын құжаттың нөмірі.

Қолданыстағы