Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении расходов на погашение вознаграждения по ипотечным жилищным займам, полученным физическим лицом на приобретение жилья в Республике Казахстан, и Правил ее составления
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении расходов на погашение вознаграждения по ипотечным жилищным займам, полученным физическим лицом на приобретение жилья в Республике Казахстан, и Правил ее составления
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 389
- Қабылданған күні
- 22.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2021 106210_501217.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014175
- ЭКБ идентификаторы
- 106210
- Редакция идентификаторы
- 106210_501217
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:17
0 Қазақстан Республикасында
тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй
қарыздары бойынша сыйақыларды
өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4 бабы 1-тармағының 3-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ғаламтор-құралында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің Төрағасының м.а.
Ғ. Пірматов____________________
2016 жылғы «_____»_____________
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 389 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны
р/с №
Жеке тұлға бойынша мәлімет
Негігізгі борыш сомасы(қарыз)
Есепті кезеңге төленген сыйақы сомасы
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат
ЖСН
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Құжаттың атауы
Құжаттың күні
Құжаттың №
1
2
3
4
5
6
7
8
2 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 389 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ереже
1
1. Осы Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі –Қағида) «Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі –Салық кодексі) 606-4 бабы 1-тармағының 3)-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды және мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мәлімет).
2 2. Мәліметтерді банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
1 1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар - веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электрондық тәсілмен және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады;
2 2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар - хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынады.
3
3. Жеке тұлғалардың табысы мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген нысан бойынша Салық кодексінің 63-бабының 2-тармағымен көзделген тәртіппте бекітілген банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстырды растау туралы мәліметті мемлекеттік кірістер органдарының талаптарын алған күннен бастап, отыз жұмыс күні ішінде береді.