Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Буландынском районе

Өзге акт · № 6С-5/5 · қабылданған 11.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106236/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Буландынском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-5/5 ·11.08.2016
25.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Буландынском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-5/5 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Буландынском районе
Атауы (қаз.)
Бұланды ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-5/5
Қабылданған күні
11.08.2016
Көрсетілген редакция
25.06.2020 106236_468211.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BG005527
ЭКБ идентификаторы
106236
Редакция идентификаторы
106236_468211
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:06

0 Бұланды ауданында жиналыстар,

митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес Бұланды ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2

2. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-34/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4626 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпанда «Бұланды таңы» газетінде және 2015 жылғы 20 ақпанда «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі
Қ. Испергенов
11 тамыз 2016 жыл

4 Бұланды аудандық мәслихатының

2016 жылғы 11 тамыздағы
№ 6С-5/5 шешіміне қосымша
Бұланды ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер
және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

1 1. Макинск қаласында жиналыстар және митингілер өткізу орны белгіленсін:

орталық алаң, Некрасова көшесі, 19.
Макинск қаласында жиналыстар, митингілер және пикеттерді өткізу маршруты белгіленсін:
Габдуллин және Сейфуллин көшелері қиылысынан Некрасова көшесі, 19 қиылысына дейін.

2 2. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу орындарында:

1 1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психитроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;

2 2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ біреуге қатысты зәбір көрсетуге тартатын сөз сөйлеулерге жол берілмейді.

3 3. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

1 1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе айқын көрінбей тұруы қажет;

2 2) жергілікті атқарушы органдар бір күнде және бір уақытта бір объектіде 3-тен аспайтын жеке дара пикеттер өткізуге рұқсат беруге мүмкін.

4 4. Пикет өткізу кезінде:

1 1) пикет өткізулетін объектінің маңында тұруға, отыруға;

2 2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

3 3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.

5

5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Бұланды ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Қолданыстағы