О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам сокращения разрешительных документов и упрощения разрешительных процедур
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам сокращения разрешительных документов и упрощения разрешительных процедур
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 30.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2018 106269_376390.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014208
- ЭКБ идентификаторы
- 106269
- Редакция идентификаторы
- 106269_376390
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:59
0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7555 тіркелген,
2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде №_339-345 (27419) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 24-1-тармағымен толықтырылсын:
«24-1. Клиринг ұйымы клиринг ұйымының қағидалары бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға растау құжаттарын қоса бере отырып хабарлайды.».
2
3 3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 8 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрлігі
Министр ______________ Д. Абаев
2016 жылғы 29 шілде
1 Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамыр № 146 қаулысына
1-қосымша
2 Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамыр № 146 қаулысына
2-қосымша