Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня документов, необходимых для принятия решения о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты таможенных пошлин

Қаулы · № 387 · қабылданған 07.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106273/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Перечня документов, необходимых для принятия решения о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты таможенных пошлин Күшін жойған Қаулы ·№ 387 ·07.04.2011
18.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня документов, необходимых для принятия решения о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты таможенных пошлин

Күшін жойған Қаулы ·№ 387 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня документов, необходимых для принятия решения о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты таможенных пошлин
Атауы (қаз.)
Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
387
Қабылданған күні
07.04.2011
Көрсетілген редакция
18.03.2016 AI106273_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000387
ЭКБ идентификаторы
106273
Редакция идентификаторы
AI106273_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:38

0 Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 135-бабының  1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті және 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісімде айқындалған негіздердің болуын растайтын құжаттардың тізбесі:

1

1) төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе еңсерілмейтін күштің өзге мән-жайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшесінің болған дүлей зілзала, технологиялық апат немесе еңсерілмейтін күштің өзге мән-жайлары туралы жазбаша растауы;

2

2) төлеушіге кедендік бажды республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле шеңберінде орындалған жұмыс көлемі (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар) үшін төлем кідіртілген кезде - республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе орындалған жұмыс көлемі (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар) үшін төлемді кідірту туралы республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы;

3 3) Кеден одағының кедендік аумағына тез бүлінетін тауарларды әкелген кезде - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тез бүлінетін тауарлардың тізбесі;

4 4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жүзеге асыру кезінде - Қазақстан Республикасының тиісті күшіне енген халықаралық шарттарының көшірмелері;

5

5) Кеден одағының кедендік аумағына Кеден одағының комиссиясы бекіткен, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін, әкелінетін шетелдік әуе кемелерінің және оларға құрауыштардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар әкелінген кезде - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің әкелінетін шетелдік әуе кемелерін және оларға құрауыштарды авиарейстерге қызмет көрсеткен кезде ғана Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары пайдаланылғандығы туралы жазбаша растауы;

6

6) Кеден одағының кедендік аумағына ауыл шаруашылығы қызметін не көрсетілген ұйымдар үшін отырғызатын немесе себетін материалдарды, өсімдіктерді қорғау заттарын, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 81, 8433 51, 8433 59 субпозициясының ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуді жүзеге асыратын ұйымдар мысықтарды, иттер мен сәндік құстарды қоспағанда, жануарларды азықтандыру үшін тауарларды әкелген кезде - мұндай тауарларды әкелетін немесе ол үшін мұндай тауарларды жеткізетін ұйымның ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттары;

7 7) тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін әкелген кезде:

әкелінетін шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін жеткізу туралы сыртқы сауда шарты (келісімшарт, келісім);
әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті);
егер шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар мен олардың қосалқы бөлшектері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қызметтің лицензияланатын түріне жататын өндірістік қайта өңдеу үшін әкелінетін болса, әкелінетін тауарларды қайта өңдеу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Қолданыстағы