Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Шортандинского района

Өзге акт · № С-7/4 · қабылданған 17.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106275/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Шортандинского района Күшін жойған Өзге акт ·№ С-7/4 ·17.08.2016
29.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Шортандинского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ С-7/4 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Шортандинского района
Атауы (қаз.)
Шортанды ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-7/4
Қабылданған күні
17.08.2016
Көрсетілген редакция
29.06.2020 106275_468840.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BR005525
ЭКБ идентификаторы
106275
Редакция идентификаторы
106275_468840
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:02

0 Шортанды ауданының аумағында

жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу
тәртібін қосымша
реттеу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына, «Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Шортанды ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі
«17» ___08___ 2016 ж.
________________ Г. Сәдуақасова

3 Шортанды аудандық

мәслихатының
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ С-7/4 шешіміне қосымша
Шортанды ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

1 1. Шортанды ауданының аумағында митингілер мен жиналыстар өткізу орындары анықталсын:

1 1) Шортанды кенті, Шауали Рахымжанов атындағы саябақтың алдындағы алаң;

2 2) Шортанды кенті, аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Александр Пушкин көшесі, 20.

2 2. Шортанды ауданының аумағында шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі бағыттар анықталсын:

1 1) Шортанды кенті, аудандық Мәдениет үйінен Шауали Рахымжанов атындағы саябаққа дейін, Александр Пушкин, Абылай хан, 30 лет Победы көшелері бойынан;

2 2) Шортанды кенті, 30 лет Победы және Феликс Дзержинский көшелерінің қиылысынан аудандық Мәдениет үйіне дейін, 30 лет Победы, Абылай хан, Александр Пушкин көшелері бойынан.

3 3. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу орындарында:

1 1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психитроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;

2 2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің атына тіл тигізуге шақырып көпшілік алдында сөйлеуге жол берілмейді.

4

4. Қоғамдық тәртіп пен пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бір күнде және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын жекелеген пикеттерді өткізуге жол беріледі. Әр түрлі жекелеген пикеттерге қатысушылар бір-бірінен кем дегенде 50 метр қашықтықта орналасулары немесе тура көрініп тұрулары қажет.

5 5. Пикет өткізу кезінде:

1 1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;

2 2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

3 3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.

6

6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Шортанды ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Қолданыстағы