Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О разграничении функций, выполняемых субъектами транспортного процесса по перевозке пассажиров

Өзге акт · № 7-58р · қабылданған 10.03.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1063/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О разграничении функций, выполняемых субъектами транспортного процесса по перевозке пассажиров Күшін жойған 10.03.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О разграничении функций, выполняемых субъектами транспортного процесса по перевозке пассажиров

Күшін жойған Өзге акт № 7-58р 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О разграничении функций, выполняемых субъектами транспортного процесса по перевозке пассажиров
Атауы (қаз.)
Көлік процесі субъектілерінің жолаушыларды тасымалдау жөнінде орындайтын қызметтерінің ара жігін ажырату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7-58р
Қабылданған күні
10.03.1998
Көрсетілген редакция
10.03.1998 1063_256879.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000024
ЭКБ идентификаторы
1063
Редакция идентификаторы
1063_256879
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:47
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Көлік процесі субъектілерінің жолаушыларды тасымалдау

жөнінде орындайтын қызметтерінің ара жігін ажырату туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Бәсекелестiктi дамыту және монополиялық iс-әрекеттердi шектеу
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Шығыс Қазақстан
облысында жолаушыларды тасымалдау басқармасының құрылымын жетiлдiру
туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1997 жылғы 3 қазандағы N 294
Шешiмiн орындау үшiн жолаушыларды тасымалдау процесi субъектiлерi арасында
атқаратын қызметтердiң ара жiгiн ажырату жұргiзiлсiн:

1. "Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар тасымалдау басқармасының"

мемлекеттiк кәсiпорындары.

1.1. Жолаушылар көлiгiнiң меншiктiң барлық нысандарындағы

тасымалдаушылардың iшкiоблыстық, облысаралық және қалааралық қатынастарда
қызмет көрсетуiне бiрыңғай тапсырысшы болуы тиiс, оған жолаушылар
көлiгiмен облыстың бiрыңғай маршруттық желiсi шеңберiнде қызмет көрсетуге
шарттарды бекiтуге құқы берiледi, жолаушылық жүйелердiң тiзбесiн облыс
әкiмi бекiтедi.

1.2. Меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушылар арасында

маршруттар пакеттерiн орналастыру жөнiнде тендерлердi қалыптастыру
негiзiнде көлiк қызметiн көрсету рыногын реттеу жүйесiн құру.

1.3. Жолаушылар тасымалдаудың маршруттық схемаларын, барлық

тасымалдаушылар үшiн қозғалыс тәртiбiн бекiту.

1.4. Меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушылардың көлiк

құралдарының жұмысын үйлестiру және бақылаудың басқа да органдарын
қатыстырумен олардың тасымалдау қызметiн құқықтық қамтамасыз етуге бақылау
жасау.

1.5. Қазақстан Республикасының, ТМД-ның және алыс шетелдiң басқа

облыстарын қатынастармен байланыстыратын халықаралық, қалааралық
маршруттар ашу.

1.6. Маршруттық желiлердi зерттеу және жетiлдiру, облыс әкiмiнiң

тапсырмасы бойынша меншiктiң барлық нысандарындағы жолаушылар көлiгiнiң
қызмет көрсетуiне халық сұранымын зерттеу.

1.7. Жолаушылар тасымалдау технологиясы бойынша әдiстемелiк жұмыс,

меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушыларға консультациялық қызмет
көрсету, тасымалдаушылардың мүдделерiн өкiмет билiгiнiң өкiлеттi және
атқарушы органдарында қорғау.

1.8. Азаматтардың жеке санаттарына қалааралық маршруттарда

жеңiлдiктер
беру және соған байланысты шығындарды республикалық бюджеттен өтеу
тәртiбiне сәйкес Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердiң
қалааралық маршруттарда жүру бойынша жеңiлдiктер беруден кiрiстердiң
шығындары туралы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация
министрлiгiне тоқсанына бiр рет жалпы мәлiмет берiлсiн.

2. Жолаушыларды тасымалдаушылар

2.1. Iшкi облыстық, қалааралық, халықаралық қатынастардағы

маршруттарда жолаушылар тасымалдауды маршруттарды бекiту жөнiнде
өткiзiлген тендерлер негiзiндегi келiсiм шарттарға қатаң сәйкес қамтамасыз
ету.

2.2. Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жол қозғалысы

ережесiн орындауға бақылау жасауды ұйымдастыру.

2.3. Жолаушылар тасымалдаудың технологиялық процесiне оперативтi

басқаруды жүзеге асыру.

2.4. Автомобильдердiң жолдағы жұмысына, жолаушылар мен қолжүктерiн

тасымалдау тәртiбiн сақтауға, автомобиль жолдарының жағдайына бақылау
жасауды ұйымдастыру.

2.5. Азаматтардың жеке санаттарына халықаралық маршруттарда

жеңiлдiктер беру және соған байланысты шығындарды республикалық бюджеттен
өтеу тәртiбiне сәйкес жеңiлдiктер беруден кiрiстердiң шығындары туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк жолаушылар тасымалдау басқармасына
тоқсанына бiр рет есеп берiлсiн.

3. Автобекеттер, автостансалар

3.1. Меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушылар автобустарының

өткiзiлген тендерлер шарттарында жолаушылар көлiгiнiң қызметiне бiрыңғай
тапсырысшымен жасалған келiсiм шарттарға сәйкес бекiтiлген маршруттарға
қатаң сәйкес үздiксiз жүруiн ұйымдастыру.

3.2. Автобустардың рейстерге дер кезiнде шығуына және автобекетке

(автостансаға) қайтып оралуына бақылау жасау.

3.3. Автобустардың маршруттардағы қозғалысына бақылау жасау,

меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушыларға ауа райының жағдайы және
облыс пен одан тыс жерлердегi маршруттар мен жолдардағы төтенше жағдайлар
туралы дер кезiнде ескертудi қамтамасыз ету.

3.4. Барлық қызметтердiң қалааралық және қала маңындағы қатынастарда

автобустармен пайдаланушы жолаушыларды мәдени қамтуды, жолаушылар мен
автобус жүргiзушiлерiнiң күтуi және демалысы үшiн қажеттi жағдайлар
жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру.

3.5. Билеттердi ағымда және алдын-ала сатуды ұйымдастыру.